Денис Тен ескерткіші қай жерге қойылады?

Жобаны қала әкімдігі жүзеге асырады. Алдағы уақытта спортшының отбасы мүшелерінің қатысуымен арнайы комиссия құрылып, кәсіби мүсіншілер арасында байқау жарияланбақ.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Денис Тен атындағы мәнерлеп сырғанау академиясын ашуды жоспарлап отыр. Қазір Олимпиада жүлдегері атындағы қоғамдық қорды тіркеу жұмысы жүргізіліп жатыр.

«Құрметті Денистің достары мен жанкүйерлері! Қайғымызды бөлісіп, осындай қысылтаяң шақта қолдау көрсеткені үшін бүкіл Қазақстан халқына Денистің отбасы атынан тағы да алғысымды білдіремін. Осы уақытқа дейін Денистің есімін мәңгі есте қалдыру үшін түрлі идея мен ұсыныс көп айтылды. Мемлекеттік органдардың осы жұмысты бізбен бірге бастап кеткенін халыққа хабарлағым келеді. Жоспарлар мен жобаларды жүзеге асыру үшін Денистің атынан арнайы қоғамдық қорды тіркеп жатырмыз. Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдерімен және Алматы қаласының басшылығымен жеке кездесу кезінде бірқатар ұсыныс айттық. Олар түсіністік танытып, қолдау білдірді», — дейді Денистің анасы Оксана Тен.

Айта кетейік, Алматы әкімдігі Денис Теннің құрметіне мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнирді жыл сайын өткізу міндетін жауапкершілігіне алды.

«Сонымен қатар, қала әкімдігі Денистің туған әрі өскен үйіне ескерткіш тақтасын қояға және Денис жайлы кітап шығаруға уәде берді. Қазір Денистің достарымен бірге кітап жазуға материалдар дайындап жатырмыз. Жақында Денис Тен атындағы қордың офисінің мекенжайы жайлы баршаңызға хабарлаймыз. Жанымыздан табылып, көмек көрсетіп жатқан барша жұртқа алғысымызды білдіреміз! Денистің идеялары жүзеге асатынына сенемін!» — деп жазды Оксана Тен.

ДереккөзTengrinews.kz