«Ер ісі — ақылға ермек». Абай әлемінен не білеміз?

Абайдың ақындық, ойшылдық әлемі көп білуге ұмтылатын кез келген адамды өзіне құмар қылады. Ғұлама мен оған арналған ғылыми-танымдық шығармашылықтан, оның есіміне байланысты басқа да рухани мұрадан не білеміз?

This is a timed quiz. You will be given 10 seconds per question. Are you ready?

10
0%

Ұлы ақынның аяқталмай қалған дастаны қалай аталады?

Дұрыс! Қате!

Абайдың "Мың бір түн" ертегісінің желісімен жаза бастаған "Әзім әңгімесі" дастаны аяқталмай қалды.

Абайдың 150 жылдығы қарсаңында Семейде құрылған қоғамдық қайырымдылық ұйымы

Дұрыс! Қате!

Ұлы ойшылдың 150 жылдығына орай Семейде "Абай қоры" ұйымы құрылды. Мерейтой 1995 жылы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.

Танымадық, Жарымадық Жақсыға бір іргелі. Қолына алып, Пәле салып, Аңдығаны өз елі..." деген жолдар Абайдың қай өлеңінен?

Дұрыс! Қате!

Бұл - Абайдың 1890 жылы жазған "Бай сейілді" өлеңі, шығарма би-болыстар мен ар-ұятты аяққа басқан байлардың арамза әрекеттерін әшкерелейді.

Екінші қара сөзінде Абай "солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке де шыдайды, қазаға да шыдайды, молда, медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды" деп, қай халық жөнінде айтады?

Дұрыс! Қате!

("...Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке де шыдайды, қазаға да шыдайды, молда, медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды. Еңбек қылып, мал табудың да жөнін солар біледі, салтанат, әсем де соларда. Оның малдыларына, құзғын тамағымыз үшін, біріміз жалшы, біріміз қош алушымыз..." Абай, Екінші қара сөз.

Абайдың "Айттым сәлем, қалам қас..." өлеңі қанша шумақтан тұрады?

Дұрыс! Қате!

Абайдың 1889 жылы жазған бұл өлеңі әрқайсысы 4 тармақты 10 шумақтан тұрады.

Абай бейнесін ұлттық операда алғаш сомдаған артист

Дұрыс! Қате!

КСРО халық артисі Ришат Абдуллин Қазақстан кәсіби музыкасы тарихында Абай партиясын тұңғыш орындаушы ретінде қалған.

1918 жылдың ақпан-қараша айлары аралығында Семейде шығып тұрған ғылыми-әдеби журнал

Дұрыс! Қате!

Мұхтар Әуезов пен Жүсіпбек Аймауытов негізін қалаған "Абай" басылымы 1918 жылдың басынан соңына дейін ғана жарық көрді.

Абайдың "Айналайын құдай-ау" деп басталатын жоқтау-өлеңі кімге арналды?

Дұрыс! Қате!

Бұл - Абайдың Әбдірахман қайтыс болғанда шығарған жоқтауы, оны келіні Мағыш айтсын деп жазған.

"Гете мен Абай" кітабының авторы

Дұрыс! Қате!

"Гете мен Абай" ғылыми очерк-эссесі - жазушы Герольд Бельгердің еңбегі.

1941 жылы жазылған "Абай" атты 5 бөлімді лирикалық-драмалық шығарманың авторы, композитор

Дұрыс! Қате!

Ақынның шығармашылық-күрескерлік қызметін музыка тілімен баяндайтын "Абай" сюитасын 1941 жылы Ахмет Жұбанов жазды.

"Ер ісі - ақылға ермек". Абай әлемінен не білеміз?
Жарайсыз!
Жаман емес

Әлеуметтік желіде бөлісу: