Сынап пен оның қосындылары (хлорлы сынап, каломель, сынап цианиді) жүйке жүйесіне, бауыр мен бүйрек жұмысына, асқазан-ішек және тынысалу жолдарына қатты әсер етеді.
Сынаптың уыттылығы жоғары және оның қауіптілік класы 1, яғни улау қаупі хлор буынан 100 есе, ал аммиак буынан 2000 есе көп. Қоршаған ортаның ең қауіпті ластаушысы саналады, әсіресе, оның суқоймаларға тамуы орны толмас зиян.
Қызуөлшегішті сындырып алған жағдайда не істеу керек?
Ең бастысы — сабыр сақтау. Сынап төгілген еденді баспаңыз. Бөлмеден бірінші кезекте балаларды, мүгедектерді, егде жастағы адамдарды шығару қажет. Содан кейін есіктер мен терезелерді жабу керек. Бұл әрекет сынап буының үйде кеңінен таралуына жол бермейді. Сынап төгілген бөлмеде дымқыл дәкемен мұрынды тұмшалаған жөн.
1-қадам: төгілген сынапты жинау
Сынапты шаш тәрізді арнайы таяқшамен тегіс параққа саламыз. Майда сынап шарлары кішкене пластырьмен немесе скотчпен жақсы жиналады. Сонымен қатар медициналық резеңке алмұртпен де жинауға болады. Әрине, бұлай жинауда жылдам қимылдап, сынап салынған резеңке алмұртты кері айналдыру керек. Себебі резеңке алмұртқа жиналған сынап шарлары кері шығып кетуі мүмкін. Сынаптың өте майда шарлары дымқыл қағаздан тез жойылады. Мұны істеу үшін фильтрлі немесе газет алыңыз, оны суға салып, содан кейін сығыңыз. Барлық жиналған сынап шары ауаны ластамау үшін оны марганец ерітіндісіне (2 г марганцовкаға – 1 л су) немесе жай су тұрған банкіге саламыз.
2-қадам: химиялық демеркуризация
Әдетте, барлық сынап қалдығын механикалық түрде жинау мүмкін емес. Бірнеше микроскопиялық шар күтпеген жерден тез жоғалуы мүмкін. Олар булануі үшін сынапты сұйық күйден тотыққан, ауыспайтын күйге көшіру қажет. Сондықтан ол белгілі тотығу ерітінділерімен өңделеді. Ең тиімді жолы демеркуризация (залалсыздандыру): темір хлориді 20% (1 литр суға ерітілген 200 г темір хлориді ..); 0,2% су ерітіндісін тұз қышқылымен (1 литр ерітіндіге 5 мл тұз қышқылымен); 5% су ерітіндісіне дихлорамин немесе хлорамин қосу қажет.
Ластанған едендегі даққа демеркуризация ерітіндісін төгіп, біраз уақытқа қалдыру керек. Содан кейін дақ алдымен сабын ерітіндісімен, кейін таза сумен жуылады.
Үй жағдайында 0,2%-дық қышқылдандырылған марганец ерітіндісін демеркуратор ретінде қолдануға болады. 2 г марганцовканы бір литр суға ерітіп аламыз, содан соң 9%-дық сіркесуды немесе бір ас қасық (15 г) сірке эссенциін қосамыз. Сонымен қатар сабын-сода ерітіндісін (5% судағы сода ерітіндісінде 4% сабын ерітіндісін) немесе 4-5% хлорамин ерітіндісін қолдануға болады.
1-2 сағаттан кейін өңделген бетті сабын ерітіндісімен тазалауды бастауға болады.
3-қадам: бөлмені желдету
Соңында сынап буымен ластанған ауаны тазарту үшін пәтерді ұзақ уақыт желдету қажет.
Есіңізде болсын, кез келген жағдайда сынапты канализацияға лақтыруға, көмуге, күйдіруге немесе басқа тәсілмен тастауға тыйым салынады. Сынап қалдықтарын залалсыздандыру үшін санитария-эпидемиология органдарына хабарласу керек.
Сынап буынан улану
Сынап буынан улану жедел (жоғары концентрацияларда) және созылмалы болып бөлінеді. Әдетте, бұзылған қызуөлшегіштен кейін тұрмыстық бөлмелердегі будың концентрациясы рұқсат етілген ең жоғарғы деңгейден асып кетпейді. Сондықтан мұндай жағдайда жедел уланудың болуы екіталай.
Созылмалы уланудың алғашқы белгілері санитарлық нормаға сай келмейтін бөлмеде бірнеше айдан кейін пайда болады. Мұндай жағдайда ең әуелі орталық жүйке жүйесі зардап шегеді.
Алғашқы белгілер: шаршау, ұйқышылдық, әлсіздік, бас ауруы, бастың айналуы, апатия. Бірте-бірте саусақтардың дірілдеуі, содан кейін қабақ пен еріннің дірілі басталады. Тері сезімталдығы, дәм және иіс сезу қабілеттері төмендейді.
Жедел жәрдем
Жедел улану жағдайында: ішті 20-30 г белсендірілген көмір немесе ақуыз суымен (жұмыртқаның ағыны) тазалау қажет. Содан кейін сүт немесе күріш, сұлыны қайнатып, суын ішіңіз. Қатты уланудан кейін ауруханада жатып емделуіңіз керек. Егер уланудың формасы жеңіл болса, емхадан емделуге болады.