Қазақстандық математик студенттер халықаралық олимпиададан жүлде алып келді

М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының үш студенті Болгарияда өткен халықаралық олимпиадада алғашқы орындарды жеңіп алды.

Математикадан дүниежүзі студенттерінің халықаралық олимпиадасы — IMC 22-29 шілде күндері Благоевград қаласындағы Американ-Болгар университетінде өтті. Сайыста 50 елдің 200-ден астам университетінің студенттері бақ сынады.

ММУ-дың Қазақстандағы филиалының студенттерінен құралған топ қазақстандық университеттердің осы олимпиадаға қатысу тарихында тұңғыш рет ең үздік нәтижеге қол жеткізді. Университеттің механика-математика факультетінің 3-курс студенті Бекарыс Бекмағанбетов алтын медаль, есептеу математикасы және кибернетика факультетінің з-курс студенті Әнуар Әскерғалиев күміс медаль және осы факультеттің магистранты Александра Журавская қола медальді жеңіп алды. 

Бұл үшеуі бұған дейін басқа халықаралық олимпиадалардан жүлделі орындарға ие болған.