Вице-министр ұрланған заттар саудасына қарсы тұруға шақырды

Ұрлық-қарлық азаматтардың ұрланған заттарды сатып ала беретінінен азаймай отыр. Бұл туралы Ішкі істер вице-министрі Рашид Жақыпов брифинг барысында мәлімдеді.

«Біз қабылдаған шаралар тұтастай қылмыстың алдын алуға жеткілікті деп ешкім айта алмайды. Қылмыс — бір полицияның немесе бірнеше мемлекеттік органның іс-әрекетімен жойыла салатын құбылыс емес. Әлеуметтік желілерде жазылған пікірлермен келісемін, мұндай жағдайлар болып жатыр, өйткені қоғамның өзі осыған төзіммен қарайды. Қоғам мен мемлекеттік органдар шындап біріккен кезде ғана біз Қазақстандағы қылмыспен күресте үлкен жетістікке жетеміз деп ойлаймын. Мемлекеттік органдар қабылдаған шаралардың жеткілікті немесе жеткіліксіз екенін айтуға болады. Бірақ мынаны айта кеткім келеді, Қазақстанда соңғы бірнеше жылда құқықтық тәртіп орнату үшін көп нәрсе жасалды», — деді Рашид Жақыпов.

Вице-министрдің айтуынша, ұрлықтың жиілеп кетуіне ұрланған тауарларға деген сұраныс себеп болады. Полиция қызметкерлері ұрланған көліктерді бөлшектеп сатуға берген кезде немесе көлік жөндеу орталықтарына өткізілген кездегі фактілерді бірнеше рет ашты, адамдар осы ұрланған көліктердің қосалқы бөлшектерін еш қарсылықсыз сатып алады.

«Тіпті соңғы жағдайды айтайын. Павлодарда ұрланған көлік жөндеу орталығына өткізілген, сол жерден оны біреулер төмен бағамен сатып алған, Яғни азаматтардың осындай жағдайларға немқұрайлы қарауы қылмыс жасауға ықпал етеді. Бұл тақырыпқа көп мысал келтіруге болады, бірақ бір нәрсені айтайын — бұл шындыққа негізделген, ұрланған заттар арзан бағамен сатылады. ол заттарды өзіміздің адамдар алады. Бәрі ол заттың қылмыстық астары бар екенін білсе де, сезсе де, ұрланған затты арзан бағамен сатып алуға ешкім қарсы болмайды, Егер сіздермен бірігіп, бұған жол бермейтін болсақ, қоғамда ұрлық азаятын шығар», — деп есептейді вице-министр.

Рашид Жақыпов қылмыстың бетін ашу — полиция қызметкерлерінің қасиетті міндеті екенін және олар өз міндетін ешкімге ысырып тастамайтынын мәлімдеді. Еске салайық, талантты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімінен кейін көлік айнасын ұрлаумен айналысқан екі жігіт — Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов күдікті ретінде ұсталған болатын.

ДереккөзZakon.kz