Денис Теннің қазасына байланысты Астанада Дима Билан мен DJ Smash-тің концерті өткізілмейтін болды

Соған байланысты 21 шілдеге жоспарланған DJ Smash-тің концерті болмайды. Ал 22 шілдеге жоспарланған Дима Биланның концерті тамыз айының 15-іне ауыстырылды.

Толық ақпаратты ұлттық компанияның ресми сайтынан біле аласыздар.

Еске сала кетейік, 19 шілде күні Алматыда 25 жастағы даңқты спортшыға автокөлік тонаушылар шабуыл жасап, пышақ жарақатын салған еді. Ауыр жарақат салдарынан көп қан жоғалтқан мәнерлеп сырғанаушы дәрігерлердің шұғыл көмегіне қарамастан жансақтау бөлімінде жүріп кетті. Алматы полициясы Денис Теннің өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктілердің кім екені анықталды, олардың бірі ұсталған бойда қылмысын мойындады.

Денис Тен – мәнерлеп сырғанаудан 2014 жылғы Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс, 2015 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Мәнерлеп сырғанаушының қазасына байланысты әлемнің түкпір-түкпіріндегі оны танитын жұртшылық қайғырып көңіл айтып жатыр.