Басты бетЖаңалықтарПрезидент Павлодар...

Президент Павлодар облысындағы демалыс орнын сынға алды

Болат Бақауов өңірдің экономикалық жетістіктері жайлы және туризм саласының сәтті дамып жатқанын айта отырып, Маралды демалыс орнын таныстырған еді. Бірақ жаңадан салынып жатқан курорттың суреттері Президенттің көңілін қалдырды.

«Ең әуелі экономикамыздың технологиялық модернизациясын, жоғары қосылған құны бар өндірістерді ашуды қамтамасыз ететін жеке инвестиция өте қажет. Міне, жаңа Болат Бақауов Маралдының, онда адамдардың демалып жатқаны түсірілген суреттерді көрсетті… Бұл масқара! Ол суреттерді ешкімге көрсетпе. Қарашы, адамдар жалаңаш жүр, отыратын жер жоқ. Адам толып жүргенін көріп тұрсың ба? Онда қонақүй түгілі, отыратын орын жоқ! Шатыр да жоқ! Сұмдық!», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы демалыс орнында инфрақұрылымды дамытып, ондағы адамдарға жағдай жасау керек екенін айтты.

«Мен Қазақстан бойынша неліктен инфрақұрылымды дамытып жатырмын? Еріккеннен деп ойлайсыздар ма? Инфрақұрылымға қордан 9 миллиард доллар бөлдім. 5,5 мың шақырым жол — қазақтар мұндай жолды ешқашан көрген емес. Біз бес жылда 4,5 мың шақырым жол салдық, тағы 5 мың шақырым жол саламыз. Барлық қаржы институты бізге сенеді және бізге сол ақшаларды береді. Павлодардан Астанаға баратын жол салдық, енді әрі қарай Баянауылға дейін жол саламыз», — деді Назарбаев.

Президент бүгін Павлодар облысына барғанын айта кетейік. Ол өңірдің бірқатар өндіріс орнын, инфрақұрылым нысанын аралап көрді.

Дереккөзtengrinews.kz