“Эмодзи” сөзі жапон тіліндегі “сурет” және “символ” сөздерінен шыққан. Алғашқы эмодзи Жапонияда пайда болды. Оның алғашқы нұсқасы смайликтерге ұқсас, айырмашылығы – эмодзи тек эмоцияны ғана емес, объектілерді де бейнелей алады.

Эмодзи Apple компаниясның арқасында күллі әлемге танылды. Apple 2011 жылы iOS операциялық жүйесіне эмодзи жиынтығын енгізді. Ал бейресми мереке 2014 жылдан бастап аталып өтеді.

17 шілдеде Бүкіләлемдік эмодзи күнін атап өту үшін кейбір компаниялар арнайы науқан ұйымдастырады. Мысалы, 2015 жылы Pepsi сыртында түрлі эмодзиі бар сусындарды шектеулі данамен экспортқа шығарды.

Пепси эмлдзи
©tjournal.ru

Тіпті, эмодзидің арнайы веб-сайты да бар. Ол Emojipedia деп аталады. Онлайн-энциклопедия әр эмодзидің мағынасын түсіндіріп, анықтама береді.

Жыл сайын эмодзилер жиынтығы жаңа бейнелермен толығып келеді. Қазірдің өзінде оның 1800 түрі қолданыста.

Ұқсас жазбалар

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!