1 қағида: Анада да кемшілік болады

Аналар да жұмыс істейді. Сондықтан, үнемі отбасы мен жұмысының арасында жүреді. Жұмыс істейтін аналар барлығын тиянақты және ойдағыдай жасағысы келеді. Француз әйелдерінде «Кемшіліксіз ана болмайды» деген дәйексөз бар. Егер сіз ана болсаңыз, мінсіз болуға тырыспаңыз.

2 қағида: Ананың өз табыс көзі болуы керек

Француз әйелдерінің пікірінше әрбір әйел адам табыс табуға қабілетті болуы керек.  Сіздің жұбайыңыз табысты болған жағдайдың өзінде ертең сені не күтіп тұрғанын кім біледі.

Ана
©vectorstock.com

3 қағида: Өміріңді тек балаға арнау дұрыс емес

Ата-ана әрдайым баласына қамқор болғаны дұрыс. Дегенмен өзіңе де уақыт бөлуді ұмытпау керек. Көңіліңізге жақын бір іспен айналысу балаға дұрыс көңіл бөлмей кетуге себеп болмайды.

4 қағида: Бала да анасынан демалуы керек

Баланың қасында ұдайы болсаңыз жалтақ болып өсуі мүмкін. Дегенмен бұл баланы апталап тастап кету керек деген сөз емес. Балаңызға еркіндік беріп, өз бетінше әрекет жасауына мүмкіндік жасаңыз.

5 қағида: Өзіңізді кінәлі сезінбеңіз

Памела Друкерман
Памела Друкерман, жазушы ©promum.com.ua

Баланың алдында өзіңізді жұмыс істегеніңіз үшін немесе жақсы ана бола алмағаныңыз үшін кінәлі сезінудің қажеті жоқ. Бастысы — балаңызды жақсы көру және бос уақытыңызды онымен бірге тиімді өткізу.

6 қағида: «Такси-ана» болмаңыз

Баланың дамуы үшін оны мектептен немесе балабақшадан тыс секциялар мен үйірмелерге орынсыз жаза берудің қажеті жоқ.

7 қағида: ата-анасының қарым-қатынасына баланың қатысы жоқ

Отбасы — ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасынан және ата-ананың баламен қарым-қатынасынан тұрады. Үйде тек балаға ғана емес жұбайыңызға да көңіл бөлуді ұмытпаңыз.

8 қағида: Жұбайыңыздан бала тәрбиесіне қатысуын талап етпеңіз

depositphotos.com

Жұмыстан қолыңыз тимей жатқанда жұбайыңызды да осы іске міндеттеудің қажеті жоқ. Ер адам үй жұмысын және бала тәрбиесін сізбен тең дәрежеде бөлісе алмайды.

9 қағида: Баласыз демалыс және кешкі серуен

Францияда ата-аналар әр айдың бір демалысын тек өздеріне арнайды. Бұл кешкі ас немесе кино мен театрға бару болуы мүмкін. Бастысы балалар мен жұмыстың қатысы жоқ.

10 ереже: Сіз басты адамсыз

Отбасы  пирамидасының басында тұрған өзіңіз екеніңізді түсіну керек. Әрине, мұны қабылдау әсіресе әйел адамдар үшін қиын. Бірақ отбасыңыз үшін тиімді барлық маңызды шешімдерді қабылдайтын сіз және жауапкершіліктің үлкен бөлігі сіздің мойныңызда. Осыны ұмытпаңыз.