Фируза Шарипованың келесі жекпе-жегі 4 тамызда өтеді

Фируза Шарипова жеңіліп көрмеген испандық Мириам Гутьерреспен жекпе-жекке шығады. Айқас 4 тамызда Санкт-Петербургтегі (Ресей) М-1 аренада өтеді.

«Біз М-1 Аренаны таңдадық. Себебі бұл біздің талаптарға барынша сай келетін жекпе-жекке арналған жаңа және заманауи спорттық алаң. Біз тек жанкүйерлерге ғана емес, миллиондаға телекөрермендерге ұмытылмас шоу сыйлаймыз. Қазіргі таңда андеркард жасаумен айналысып жатырмыз. Осы кештің трансляциясына көптеген әлемдік телеарналар қызығушылық танытуда. Бокс кешін тікелей эфирден әлемдегі жүзден астам елде көрсетіледі. Фируза әлемге кеңінен танымал, оның жекпе-жегін барлығы тағатсыздана күтіп жатыр және барлығы көргісі келеді», — деді чемпионның менеджері Сергей Завилейский.

ДереккөзInform.kz