Диффенбахия – улы өсімдік. Сыртынан қарағанда үш өлшемді сары-жасыл жапырақтары гүлді өте әдемі етіп көрсетеді. Бірақ бұл гүлдердің жапырақтарының шырыны адам мен жануарларға өте улы. Диффенбахия шырыны ішке түскен жағдайда тері тітіркеніп, күйіп қалуы мүмкін.

Диффенбахия
Диффенбахия. Фото: botanichka.ru

Олеандр – гүл өсірушілерді ашық түсті, хош иісті экзотикалық гүлдерімен тартады. Бірақ шын мәнінде, олеандр гүлі – өте зиян. Оның хош иісі адамның басының айналуы мен әлсіздігіне алып келеді.

Олеандр
Олеандр. Фото: LiveInternet

Сүттіген тәрізді гүлдер әртүрлі формалар мен түрлерге ие, тіпті кейбіреулері кактусқа ұқсас. Бұл гүлдің тікенектері қауіпті, сондай-ақ сабақтары мен жапырақтарындағы шырыны денені күйдіріп жіберуі мүмкін. Егер гүлдің улы шырыны адам ағзасына түссе қатты уландыратындай күшке ие.

Сүттіген
Сүттіген. Фото: treespk.com

Жоғарыда айтылған гүлдердегідей, Кротон шырыны денені күйдіреді. Сыртынан қарағанда жай үй гүлі болып көрінгенімен, негізінде улы өсімдік. Сондықтан, дүкеннен ұзын жапырақтары бар кішкене ағаш тәрізді гүлді көрсеңіз, оны сатып алуға асықпаңыз. Алдымен сатушыдан гүлдің атын сұраңыз.

Кротон
Кротон. Фото: zakupator.com

Азалия – өзінің әдемі әрі көлемді гүлдерімен танымал. Сондықтан көп бағбандар өз бақтарында гүлдің осы түрін өсіргенді ұнатады. Бірақ Симс Азалиясы мен Үнді Азалиясы ағзаға түскен жағдайда талма мен ішек ауруын туғызатынын біліп жүріңіз.

Азалия
Азалия. Фото: domskotom.net

Жиырылғыш Мимоза – жұқа сабақты, шағын жапырақтары бар өсімдік. Мимозаның қасында ұзақ отыруға болмайды. Себебі бұл гүлдер адамның шашына зиян келтіреді: шаштың қатты түсуіне алып келеді.

Жиырылғыш мимоза
Жиырылғыш мимоза. Фото: YouTube

Монстера – Қазақстанда ол әдемі бөлме гүлдері ретінде өсірілсе, отанында оны тағам, дәрі-дәрмек ретінде қолданады. Оның үлкен жапырақтары күтім жасауға өте ыңғайлы. Бірақ оны үйде ұстамағаныңыз дұрыс. Себебі бұл гүлдің шырыны теріні күйдіреді, көзге және ас қорыту жүйесіне қауіпті.

Монстера
Монстера. Фото: Pinterest

Сондай-ақ, Адениум, Филодендрон, Примула, Стеллера, Паслен және Трихоцереус сияқты өсімдіктерді үйде өсіру қауіпті.

Аударған: Еңлік Сақтан