Қазақстанда сумен жабдықтау жүйесінің тозуы төмендетіледі

«Ағымдағы жылы «Шүлбі ГЭС – Ақтоғай – Талдықорған – Алма» бағыты бойынша жоғары вольтты желілерді салу жобасын іске асыру үшін 25,8 млрд теңге көзделген. Оның ішінде 6 айдың қорытындысы бойынша мердігерлік ұйымдарға 17,6 млрд теңге мөлшерінде сома төленген. Жұмысты жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр», — деген Сүлейменов қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары өндіріс кестесіне сәйкес жүргізіліп жатқанын айтты.

Министр мемлекеттік бағдарламаның келесі бағыты болып табылатын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымына тоқталып өтті.

«2018 жылы осы бағытқа Республикалық бюджетті нақтылау кезінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйелерін жаңғыртуға 38,9 млрд теңге бөлініп, оның ішінде 1 шілдедегі жағдай бойынша 18,4 млрд теңге немесе жылдық жоспардың 48% игерілді. Қаржыландыру жоспарына сәйкес игерілу 100% — ды құрады. Сондай-ақ, 2018-2019 жылдар аралығындағы кезеңде барлығы шамамен 250 км желілерді салу және реконструкциялау жоспарланып отыр. Ал 2018 жылдың соңына қарай жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуын 60% — дан 57% — ға дейін төмендетуді болжап отырмыз», — деді Сүлейменов.

Оның айтуынша, 2018 жылы халықаралық қаржы ұйымдары мен республикалық бюджеттен көзделген 19,2 млрд. теңгенің бүгінде шамамен 7% игерілген.

«Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалғасып жатқан жобалар жол, энергетика және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, жеке сектор мен кәсіпкерлікті дамытуды қолдау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты және ауыл шаруашылығын жаңғырту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау сияқты экономикалық дамудың маңызды бағыттары бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қолжетімді қаржы ресурстарының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жалпы, 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қаржыландыру жоспарына сәйкес жүзеге асырылуда», — деп түйіндеді Тимур Сүлейменов.

Дереккөзbaq.kz