«Қазіргі уақытта ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен Дүниежүзілік банк өкілдерімен «Орталығы Шымкент жəне Ақтөбе қалаларының агломерациялары орналасқан Стратегиялық жəне институционалдық жол картасы» атты жоба дайындалуда. Алдағы уақытта осы стратегияны іске асыру жұмыстары күтіп тұр» — деп айтты шаһар басшысы. Өз кезегінде қаржы институтының өкілдері — жұмыс тобының жетекшісі Шаолян Ванг пен бас кеңесші Стив Бурджс — аталған бағытта атқарылатын қадамдарды атап, жобаны келешектегі болмысын түсіндіріп айтты.
Агломерацияға Шымкент пен Арыс қалалары, Бәйдібек, Қазығұрт, Ордабасы, Сайрам, Төлеби, Түлкібас аудандары кіреді деп жоспарлануда. Дүниежүзілік банк өкілдерінің айтуынша, Шымкент агломерациясы «Жібек Жолының кіндігі» ретінде халықаралық транзит орталығы, бəсекеге тұрақты ауыл шаруашылық, өндірістік орталығы, зиярат, туризм жəне спорт орталығы, сонымен қатар, адам потенциалын іске асыру, өмірдің тұрақты жəне бақуатты орталығы ретінде дамиды. Осылайша, агломерация жобаны іске асыру арқылы өндіріс пен агроөнеркәсіп кешені, туризм, тұрғын үй -коммуналдық саласында дамиды.
Отырыс барысында белгілі болғандай, маусының соңында Шымкент агломерациясы бойынша Стратегиялық баяндама, қарашаның соңына дейін — агломерация бағытында жұмыс жоспары — 2017-2020 жж арналған приоритетті инвестициялық жəне басқа да бастамалар дайындалады.