Оқушының химия пәніне қызығушылығын қалай арттыруға болады?

Химия араласпаған бірде-бір өндіріс, шаруашылық салалары жоқ. Осыдан-ақ оның маңызын түсінуге болатын шығар. Алайда химияның бар болмысын меңгеру әркімнің оң жамбасына келе бермейтіні рас. Еліміздегі мүмкіндіктерді ескере отырып, азаматтардың, әсіресе, мектеп оқушыларының осы салаға деген қызығушылығын қалай арттыруға болады? Бұл туралы Bilim Media Group компаниясының жетекші маманы Ақжан Тамай айтып берді.

Қазіргі балалар мұғалімнен тек теориялық білімді алып қоймай, оны тәжірибемен де ұштастырғысы келеді. Бұл — ақпараттық технология заманында өмір сүріп жатқан Z ұрпақтың талабы. Олар: «Теорияны интернеттен өзім-ақ оқып аламын. Одан гөрі маған нені қалай істеу керегін көрсетсе екен», — дейді.

Ақжан Тамай
Ақжан Тамай жұмыс барысында. Фото: Айгүл Қожантаева/Baribar.kz

Теориядан гөрі тәжірибені көбірек талап ететін пәннің бірі — химия. Жаратылыстану ғылымдарының күрделі тобына жататындықтан, оны меңгеру көп адамның қолынан келе бермейді. Дегенмен, еліміздегі шикізат, табиғи ресурстардың бай қорын ескерсек, отандық мамандардың қажеттілігін аңғарамыз. Сол себепті болашақ мамандардың осы салаға бейімделуіне мектеп қабырғасынан бастап көңіл бөлу қажет деп есептеймін.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің  жаңа форматына сәйкес қазір мектеп бітірушілер екі бейінді пән таңдауы керек. Яғни, талапкерлер химия және биология пәндерін таңдаса, «Биотехнология», «Химия және химиялық технология» т.б., ал химия және физика пәндерін таңдаған талапкерлер «Органикалық және бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», «Пайдалы қазбаларды байыту» т.б. мамандықтарына түсе алады.

Бұл мамандықтарға деген сұраныс өте жоғары. Өйткені елдің бар инфрақұрылымы осы өндіріс салаларында жатыр. Осыдан химия саласының болашағы жарқын екенін аңғарған ата-аналар, ұстаздар қазіргі оқушылардың қызығушылығын қалай арттыра алады? Химия пәнін меңгерудің қандай оңтайлы тәсілі бар?

Bilimland
©Айгүл Хожантаева

Қазақстандағы электронды оқыту нарығын дамытып келе жатқан Bilim Media Group компаниясы цифрлық білім беру ресурстарын әзірлейді. Компанияның Bilimland.kz порталдында виртуалды зертхана бөлімі бар. Заманауи электронды жаттықтырғыштар мен симуляторларлардың бірегей топтамасы физика, химия, биология, математика және география пәндерін қызықты өткізуге көмектеседі. Күрделі ғылыми құбылыстар мен заңдылықтарды оңай түсіндіреді.

Виртуалды зертхана
Bilimland.kz порталындағы «Виртуалды зертхана» курсының скриншоты.

Bilimland.kz порталында химия пәнінен екі интерактивті курс бар. Соның бірі: 7-11 сыныптарға арналған оқу бағдарламасының жаңартылған мазмұнына сай әзірленген сабақтар. Әрбір сабақтың ішінде тақырып бойынша қысқаша ақпарат, түсіндірме видео, сурет, мәтін, әртүрлі форматтағы жаттығулар, химиялық терминдер сөздігі, үшөлшемді (3D) модель түрлері және жұмыс парақшалары бар. Аталған жұмыс парақшаларын әр сабақтың соңында оңай жүктеп алуға болады.

Ал 10-11 сыныпта жұмыс парақшалары «жаратылыстану математикалық бағыт» және «қоғамдық гуманитарлық бағыт» болып екіге бөлінген. Сабақта немесе сыныптан тыс уақытта, тақырыпқа байланысты сұрақтар мен логикалық тапсырмаларды орындауға болады. Порталда 7-11 сыныпқа арналған екі тілдегі осындай 486 сабақ бар.

Bilimland.kz
Bilimland.kz порталындағы жаңа курстардың скриншоты.
Bilimland.kz порталындағы Химия курсының скриншоты.

BilimLand симуляторларының есептеулері нақты. Бұл топтама – америкалық ғалымдар мен инженерлердің еңбектерінің жемісі. Жоғарыда аталған сабақтардың барлығы — тәжірибе видеолары, слайд-шоу, анимация, үшөлшемді модель түрлерімен, сан алуан жаттығулармен, жоғары деңгейдегі интерактивтілігімен ерекшеленеді.

Bilimland.kz
Bilimland.kz порталындағы «Химия» курсының скриншоты.

Интерактивті сабақтарды әзірлеу процесімен компанияның жоғары сапалы мамандары жұмыс істейді. Өткен жылдың шілде айынан бері осы жоба аясында үлкен команда еңбек етіп жатыр. Біздің ұжымда сабақтың сценарийін дайындап, өңдейтін арнайы пән әдіскерлері, тіл редакторлары, контент-мамандар, аниматорлар, видеоинженерлер, суретшілер, видеоларды дыбыстайтын дикторлар жұмыс істейді.

Сабақтарды әзірлеу бірнеше этапқа бөлінген, әрдайым тексерісті, бақылауды талап етеді. Осы үрдістің мерзімі мен координациясына, реттілігіне жетекші маман жауап береді. Қысқаша айтқанда, бұл — әрбір қызметкердің топпен жүргізіп жатқан қажырлы еңбегі.

Ақжан Тамай
BMG командасы. Фото: Айгүл Қожантаева/Baribar.kz

Тек қана химия емес, біздің компания ұсынып отырған bilimland.kz сайтындағы барлық курстар, itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz қосымша білім беру ресурстары, мұғалімге АКТ құралдарын қолданып, сабақтарды қызықты өткізуге көмектеседі. Ал оқушыларға шығармашылық ізденіс жасауға және өз беттерінше білім алуға мүмкіндік береді.

Қазір сайт қолданушыларынан көп алғыс аламыз. Жаңа жоба болғандықтан, ұсыныс-пікірлер алда көбейе түсетініне сенімдіміз. Бізге әрбір қолданушының пікірі маңызды. Өнімдеріміздің сапасын көтеруге, жаңа ұсыныстарды қабылдауға әрқашан дайынбыз. Контент әзірлеуде білім беру саласындағы барлық жаңашылдықтарды ескеру, оларға сай болуды басшылықта ұстап келеміз. Осылайша еліміздің болашақ мамандарына мектеп қабырғасынан бастап дұрыс бағдар беріп, сапалы білім ұсынамыз деп сенеміз.