Тест: Өлеңді оқып авторын таба аласыз ба?

Өлеңді оқып, оны жазған ақынның кім екенін бірден анықтай аласыз ба? Біліміңізді сынап көріңіз!

Мектепте қазақ әдебиетін қалай оқығаныңызды білгіңіз келсе, ойын ойнап көріңіз.

0%

"Қанаттанып өмірге ұшарымда, Кесілмесін бәрібір тұсауым да" деген өлең жолдары кімдікі? Жеңілдік ретінде айта кетейік, бұл өлең танымал әнге айналған.

Дұрыс! Қате!

Бұл - ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың "Сәби болғым келеді" өлеңінің үзіндісі.

"Бірақ мұнан Жанеркені ешкім күтіп алмады. Көңілсіздік көлеңкесі жүзін бүркеп шырайлы, Өмірінде тұңғыш рет нақ осылай мұңайды" деп жыр жазған ақын кім?

Дұрыс! Қате!

Бұл өлең жолдары Саттар Ерубаевқа арналған Мұхтар Шахановтың "Жанерке" поэмасынан алынған.

"Әкем біреу, анам да біреу менің, Мен жығылсам сүйенер тіреулерім". Өлең жолдарының авторы кім?

Дұрыс! Қате!

Бұл - қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист Фариза Оңғарсынованың "Әкеме" өлеңінің алғашқы жолдары.

Келмеске кеткен анасына ән жазған Шәмші Қалдаяқовтың "Ана туралы жыр" әнінің сөзін кім жазды?

Дұрыс! Қате!

Шәмші Қалдаяқовтың мұңлы сазын естігеннен кейін, Ғафу Қайырбеков «Ана туралы жыр» әнінің мәтінін 15 минуттың ішінде жазып береді. Сол уақыттарда оның да анасы дүниеден өткен болатын.

"Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма? Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма?" деген әйгілі өлең жолдары кімге тиесілі?

Дұрыс! Қате!

Әрине, бұл - қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңі.

"Тағы да Түн. Тәтті елестер ұнайтын жаныма тым. Мына жарық жалғанда болса бір жан, Ол - өзіңсің, мені ойлап, сағынатын" өлеңінің авторы кім?

Дұрыс! Қате!

Бұл - қазіргі заманның сыршыл ақыны Қалқаман Сариннің жыр шумақтары.

"Бір тойымның болары сөзсіз менің" деп өткен ақын кім?

Дұрыс! Қате!

"Кім білсін талай күнгі арманым еді, Мәңгілік тарқамауы да мүмкін оның" деп "бір тойының бар" екенін жырлап өткен ақын - Төлеген Айбергенов.

Жас ақын Абдолла Жұмағалиевтің майданда көрсеткен ерлігі арқау болған "Майдан етіп дүние төрін, Темір, болат қақтап отқа, Жекпе-жек кеп өмір, өлім, Соққыласып жатқан жоқ па?" деген өлең жолдарының авторы кім?

Дұрыс! Қате!

Бұл - Қасым Аманжоловтың "Ақын өлімі туралы аңыз" поэмасынан алынған үзінді.

Тест: Өлең жолдары арқылы авторын танисыз ба?
Жарайсыз! Қазақ поэзиясы Сізден алыс емес екен!

Керемет! Поэзияны сүйіп оқитыныңыз байқалып тұр!

Әлеуметтік желіде бөлісу: