Во власти стихии (16+)

Жанры: боевик, триллер, драма, мелодрама

Режиссері: Бальтасар Кормакур

Шығарған ел: АҚШ

Таитидегі кездейсоқ кездесу ұлы махаббатқа ұласады. Екеуі де еркін, екеуі де саяхаттағанды жақсы көреді. Кезекті бір сапарларында Тынық мұхитына аттанады. Ол жақта алып яхта тарихта болмаған дауылға ұшырайды. Енді адамның тағдыры табиғаттың қолында…

Ты водишь! (18+)

Жанры: комедия, экшн

Режиссері: Джефф Томсич

Шығарған ел: АҚШ

Шынайы оқиғаға негізделген фильм. Бес дос отыз жылдан бері жыл сайын «мысықтар-тышқандар» ойынын ойнайды. Бұл дәстүр олар 1-сыныпта оқып жүргенде басталған. Осы жолы басты мақсаттары — ешқашан жеңіліп көрмеген Джерриді жеңу. Биылғы ойын маусымы бір ойыншының тойына келіп тұр, бірақ ол бәріне дайын.

Убийца 2. Против всех (18+)

Жанры: боевик, триллер, драма, криминал

Режиссері: Стефано Соллима

Шығарған елдер: АҚШ, Италия

Америка мен Мексиканың шекарасындағы жағдай шиеленісе түскен. Есірткі сатушылар АҚШ-қа террористерді кіргізіп жібермек. Оған қарсы тұру үшін аймақтық агент Мэтт Грейвер Алехандромен серік болуға мәжбүр. Алехандро — сенімді адам емес.