Тұңғыш Президент саябағы

Парк Первого Президента
©Көрнекі фото

Тұңғыш Президент саябағы Алматы қаласында өте үлкен, әдемі әрі танымал саябақтардың бірі. Ғашық жұптар мен ерлі-зайыптыларға бұл саябақта қыдырудың өзі керемет көңіл-күй сыйлайды. Мұнда Алматыдағы ең үлкен субұрқақтар орналасқан. Саябақта әдемі, көз тамсанарлық жерлер өте көп.

Мекенжайы: Әл-Фараби даңғылы, Навои к,қ.

Жұлдызды алаң (Звездная поляна)

Звездная поляна
©Көрнекі фото

Бұл алаңды — Ғашықтар тауы деп те атайды. Бұл жерден Алматының әдемілігін және аспандағы шексіз жұлдыздарды көре аласыз. Ғашықтарға кездесуге арналған керемет  әрі ерекше жерлердің бірі.

Мекенжайы: Навои көшесімен жоғары жүріп, МАИ қызметі тұрған орыннан оңға бұрыласыз.

Медеу мұз айдыны

Медеу
©Көрнекі фото

Медеу мұз айдынының әдемілігі туралы айтпаса да болады. Тау бөктерінің әдемілігі көз тойдырарлық. Мұнда болмаған болсаңыз, міндетті түрде баруға кеңес береміз. Медеу қаладан 1 сағаттық жерде орналасқан. Қазіргі уақытта мұз айдыны жабық, десек те, ерекше скейт-саябағымен ерекшеленеді.

Мекенжайы: Горная көшесі 46

Ботаникалық бақ

Ботанический сад
©Көрнекі фото

Ботаникалық саябақ жылыжайымен ерекшеленеді. Жылыжайда 1000-нан астам өсімдік түрлері бар. Олар: пальма, банан, кактус және түрлі тропикалық өсімдіктер. Саябақта серуендеп қана қоймай, өзіңізбен бірге тамағыңызды, көрпеңіз бен шайыңызды алып, табиғат аясында кішігірім «пикник» ұйымдастырсаңыз да болады. Сонымен қоса, әдемі табиғат көрінісінде фотосессия жасауға да керемет жер.

Мекенжайы: Тимирязева көшесі, 36Д
Жылыжай ашық күндер:
сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, 10-00-ден бастап 16-00-ге дейін
Кіру бағасы: Үлкендерге — 350 тг, студенттер мен зейнеткерлерге — 200 тг, оқушыларға — 100 тг

Көк-Төбе

Көк-Төбе
©Көрнекі фото

Көк-Төбе шыңына көлік және арқан (канат) жолымен шығуға болады. Арқанмен серуендеу Алматы мен Көк-Төбе арасын байланыстыратын әуе жолы десек те болады. Серуендеу кезінде Алматы қаласының үстінен әдемі көріністі көре аласыз.

Мекенжайы: Достық даңғылы 104 А

Үлкен Алматы көлі

БАО
©Көрнекі фото

Үлкен Алматы көлі табиғаттың сыйы. Бұл жер көлдің мөлдір суымен, қарағай ағаштарымен және шыршаларымен ерекше. Мұндай көлде серуендеу тек жағымды естеліктерімен есте қалады.

Мекенжайы: Іле-Алатау ұлттық саябағы

Халықаралық шаңғы трамплин комплексі

трамплин
©Көрнекі фото

Бұл жерден қаланың әсемдігіне тамсануға болады. Трамплин қаланың жоғарғы жағында орналасқандықтан, таза ауасы мен әдемі көрінісімен ерекшеленеді.

Мекенжайы: Әл-Фараби мен Марков көшелерінің қиылысы

Арбат

Арбат
©Көрнекі фото

Арбат Алматыдағы әдемі жерлердің қатарында. Мұнда шығармашылық адамдар жиналып, ән-шашу мен арт-қойылымдар ұйымдастырады. Күрделі жөндеуден кейін мұнда субұрқақтар, балаларға арналған алаңдар, қыш құмыраға отырғызылған гүлдер мен орындықтар қойылған.

Мекенжайы: Жібек Жолы даңғылы 99