Ұлттық тестілеу орталығының ақпараты бойынша, биыл 102447 оқушы өтініш білдірген. Оның ішінде қазақ тілінде – 77224, орыс тілінде – 25177, ағылшын тілінде – 46 түлек тапсырады.
Бірінші күннің қорытындысы бойынша 13897 түлек сынақ тапсырып, 65 балдық көрсеткіштен 11795 оқушы өтсе, 2102-сі сынақтан сүрінген.
Ағылшын тілінде тапсырған бір түлек 81 балға қол жеткізді.