Басты бетЖаңалықтарАтырауда кәсіпкерлердің...

Атырауда кәсіпкерлердің бизнес жобалары сәтті жүзеге асырылуда

-«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қолдау және кәсіпкерлікті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы аясында Атырау облысында жүзеге асырылып жатқан бизнес жобаларды іске асыруға 29 млн. теңге бөлінді. Барлығы 53 үміткерден өтініш келіп түсті. Іріктеу қорытындысы бойынша 14 бизнес-жоба мақұлданды », — деп атап өтті облыстық кәсіпкерлік және индустриялық инновациялық даму басқармасы кәсіпкерлікті қолдау және сауданы дамыту бөлімінің басшысы Жаннат Сабырғалиева.

Олардың қатарында Қызылқоға ауданы Миялы ауылында ұн өндірісі орнын ашу, Қызылқоға ауданы Миялы ауылында ұлттық қолөнер бұйымдарын жасауды үйрету орталығы, Исатай ауданының Аққыстау ауылындағы жиһаз өндіру және жаңғыртып, қалпына келтіру, Жылыой ауданы Құлсары қаласына гидро және жылу оқшаулауға арналған құрылғыны (гидро и теплоизоляция) сатып алу, Жылыой ауданы Құлсары қаласында гинокологиялық кабинет ашу және ашытылған квас өндіру, Мақат ауданы, Доссор ауылында кілем тазалау цехын ұйымдастыру, мүгедектерге арналған «Сенім» спорттық-сауықтыру орталығы, инновациялық қасапхана және қалада ет жартылай фабрикаттар өндірісі, Махамбет ауданының Махамбет ауылында орта мектеп оқушыларын тегін оқыту үшін тігін цехы ашу және Махамбет ауданының Береке ауылында кондитерлік өнімдерді инновациялық өндіру.

Айта кету керек, бүгінгі таңда мұнайлы өңірде ШОБ өсуінің оң динамикасы байқалады. Қазіргі уақытта 56 786 шағын және орта бизнес кәсіпорындары тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,9% артық. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 45 283 бірлікті құрады, бұл 2017 жылға қарағанда 6,8% артық.