Қытай мен Қазақстанның бірлескен жобасы 5 облыста жүзеге асырылады

«Қытай Халық Республикасы әлемдік деңгейдегі ең маңызды және ірі инвесторлардың бірі болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы жоғары деңгейдегі байланыстардың шапшаң динамикасымен және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымымен сипатталады. Қытай Халық Республикасының Басшысы бастамашы болған «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бағдарламасы екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін берді. Бұл бағытта 2015 жылдан бастап Қазақстан мен Қытай индустрияландыру және инвестициялар саласында бірлескен бағдарламаны жүзеге асыруда, оның аясында жалпы сомасы 27 млрд АҚШ доллардан асатын 51 жоба жүзеге асырылады», — делінген жауапта.

Ведомствоның хабарлауынша, бұл жобалар металлургия, мұнай және газ өңдеу, химия және мұнай-химия өнеркәсібі, көлік жасау, электр энергетикасы, жеңіл және құрылыс өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, көлік және логистика салаларында іске асырылуда.

«Жобаларды жүзеге асыру 14 облысты, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларын қамтиды. Ең көп жоба саны Алматы (11), Қарағанды (5) және Оңтүстік Қазақстан (5) облыстарында жүзеге асырылып жатыр. 2015-2017 жылдар кезеңінде индустрияландыру және инвестиция саласындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының 51 жобасы бойынша 4 жоба іске асырылды», — деп жауап берді вице-министр Арыстан Кабикенов.

Іске асырылған төрт жобаның ішінде Павлодар облысында ұнтақ полипропилен өндірісі, Солтүстік Қазақстан облысында рапс майын өндіру, Қостанай облысында JAC автомобильдері шығару бойынша жобалар жүзеге асырылған.

Сондай-ақ, 2017 жылы Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту үшін әлемдегі ең ірі «COSCO Shipping» логистикалық компаниясы «Қорғас Шығыс қақпасы» арнаулы экономикалық аймақтардағы «Құрғақ портының» 49 пайызын сатып алған. «Осы жылы Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстары мен Алматы қаласында 8 жобаның іске қосылуымен шамамен 1 400 жаңа жұмыс орындары құрылады. Аталған өндіріс орындары мөрқалыптық талшықтар, кептірілген түйе және бие сүті, металл бұйымдары, құбыр өнімдері және тағы басқа өнімдерді шығаратын болады», — дейді Арыстан Кабикенов.

ҚР ИДМ көптеген жобаларды жекеменшік компаниялар жүзеге асыратындықтан және қаржыландыру құрылымын, сондай-ақ жобалар техникалық және технологиялық жабдықтарды қалыптастыру сатысында тұрғандығына байланысты егжей-тегжейлі ақпарат беру үшін жобаның бастамашыларымен алдын-ала үйлестіру қажеттілігі туралы хабардар етеді. Ал «Қазақстанда қазіргі уақытта қанша қытайлық компания қандай салаларда жұмыс істеп жатыр?» деген сұраққа келесідей жауап берілген.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректеріне сәйкес, 2018 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда Қытай Халық Республикасының 3 084 заңды тұлға, филиал мен өкілдік тіркелген, олардың 1 231-і жұмыс істеуде», — дейді вице-министр Арыстан Кабикенов.

Дереккөзinform.kz