Сонымен бірге, күн сәулесін мөлшерден көп қабылдау немесе демалыс уақытына тиімді жоспар құрмау көңіл-күйіңізді түсіріп қана қоймай, жыл бойы асыға күткен демалысыңыздың шырқын бұзуы мүмкін. Төмендегі кеңестерге назар аударсаңыз, аталмыш қателіктерге бой алдырмасыңыз анық. 

  1. Жазда жеміс-жидек пен көкөністің мол болады. Бағасы да қолжетімді, өте жиі қолдана аламыз. Сондықтан белгілі бір уақытқа ет өнімдерін өте аз мөлшерде қолдансаңыз жетіп жатыр. Тағы да айта кетейік, жазда ағзаға молынан дәрумен жинау – қыстың қамы.  
  2. Жаттығудан соң міндетті түрде суға шомылыңыз. Жаттығу кезінде терлейтініміз анық, ал термен бірге денемізден токсиндер бөлініп шығады.Сол себепті, тез арада жуынып алған жөн. Егер душ қабылдауға мүмкіндік болмаса, ылғалды салфеткалармен сүртінген де денені жақсы тазалауға көмектеседі.
  3. Орманда қыдырыңыз. Орман ауасы 200-ден астам трлі биологиялық активті заттардың қосындысынан тұрады. Олар жүрек, қан тамырларының жұмысының жақсартады, пульсті бірқалыптандырады, ауруға қарсы тұру қабілеті (имммунитет) деңгейін жоғарылатады және жұмысқа деген қабілетті күшейтеді.  
  4. Егер сізді паразитті жәндіктер көп шағатын болса, В12 дәруменін қабылдаңыз. Себебі, аталмыш дәруменнің құрамында жәндіктерді денеңізге жолатпайтын жағымсыз иіс болады. Алаңдамаңыз, бұл иіс адамдарға байқалмайды.
  5. Әр күннің белгілі бір бөлігін спортқа арнаңыз. Таза ауада серуендеңіз, суда жүзіңіз, жүгіріңіз – міндетті түрде дене еңбегімен айналысыңыз. Жаз мезгіліндегі бұл дағды – сіздің денсаулығыңыздың нығаюына таптырмас көмекші. 
  6. Күнді қарсы алуға ұмтылыңыз! Таңертең күн көтерілген шақта далада болуға дағдыланыңыз. Американдық ғалымдар таңертеңгі күн сәулесінің дене сымбаты үшін пайдалы екендігін дәлелдеді. Себебі, тәуліктің алғашқы бөлігінде денеге тараған күн сәулесі тәуліктің екінші бөлігіндегі күнсәулесіне қарғанда ағзадағы метаболизмді жақсартуға бейім. Ұйқыны жақсы көретіндер бұдан құр қалары анық. Ал, таңғы ауа райындағы 20-30 минуттық серуен ағзаның зат алмасуын тездететінін ғалымдар дәлелдеп отыр.  
  7. Күнге күйіп кеттіңіз бе? Күнге күю–денеге күн сәулесінің мөлшерден артық өтіп кетуінен пайда болатын құбылыс. Асқынған түрінде тері денеден сыдырылып жатады. Мұндай жағдайда жағажайдан келе сала екі таблетка аспирин немесе ибупрофен ішкеніңіз дұрыс. Сонымен бірге, мұз салынған суға ақ дәкені батырып алып дененің күйген бөлігіне басу да жақсы көмек береді.  
  8. Дененің жәндік шаққан бөлігін қалай емдейміз? Өзіңіз тұтынатын кез-келген иісмай түріне кәдімгі балды қосып, жарақаттанған бөлікке жағып қойыңыз. Бірнеше минуттан кейін жуып тастау арқылы теріңіздегі ауырсынудан арыла аласыз.
  9. Жаз мезгілінде арқа мен жауырын тұсының терісі көп сыдырылып түседі… Мұның бір себебі, жуыну кезінде дененің көбіктен толық тазармауы. Оған күннің сәулесінің шектен тыс өтіп кетуін қосыңыз. Душ қабылдағандатолық шайынуды әдетке айналдырсаңыз, аталмыш қолайсыздықтың алдын ала аласыз.
  10. Ерініңіздің жарылып кетуінен сақтаныңыз. Жаз мезгілінде уақытымызды көбіне далада өткіземіз. Ерін терісі өте жұқа әрі нәзік болып келетіндіктен жел, шаң, ыстық, т.с. сияқты сыртқы факторларға төтеп бере алмауы мүмкін. Соның нәтижесінде ерніңіз жарылып, қабыршақтанып кетуі ықтимал. Сол себепті, сыртқа шығарда ерніңізге гигиеналық далап жағуды ұмытпағаныңыз абзал.
  11. Көзіңізді қорғаңыз. Айтып өткеніміздей, тәуліктің алғашқы жартысындағы күн сәулесі пайдалы. Көзіңізді түс кезіндегі күннің ультракүлгін сәулесінің қатты түсуінен қорғаңыз. Ол үшін арнайы көзілдірік киіп жүргеніңіз дұрыс.
  12. Құмда жалаңаяқ жүріңіз. Құм процедурасы – талай жылдан бері қолданылып келе жатқан ем-дом түрі. Құм бетіндегі майда тастар табаныңыз арқылы ішкі органдардың жұмысын жақсартады.
  13. Жағажайда қыдырыңыз. Егер демалысыңызды теңіз жағасында өткізер болсаңыз, мұны ұтымды пайдаланыңыз. Теңіз жағасында таңертең немесе кешке серуендеуді тұрақты түрде жалғастыру негізінде варикоздан арылуға болатынын назарда ұстаңыз.
  14. Тісіңіз бен сүйектеріңізді нығайтыңыз. Ас мәзірінде сүт өнімдерін, ірімшік пен айран, табиғи йогуртты көбірек тұтыныңыз. Таңертеңгі күн сәулесінен бөлінетін Д дәруменін қабылдау арқылы жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады.

Аударған Әсел Алданазарова