Футбол
©blog.joins.com

6 мобильді қосымша: Әлем чемпионатының жаңалықтарын қайдан қарауға болады?

1. 2018 FIFA World Cup Russia

Назарларыңызға FIFA-ның ресми мобильді қосымшасын ұсынамыз. Мұнда жақында өзгерістер енгізілді. Енді жанкүйерлер барлық матчты Live режимінде тамашалай алады. Әр кездесуде команда құрамы, ойын статистикасы, фото және өзге де қызықты фактілер беріліп отырады.

Сондай-ақ, қосымшада жеке жаңалықтар лентасы бар. Мұнда ойыннан тыс оқиғалармен де таныстырылып отырады.

Andriod құрылғылары үшін сілтеме мұнда.

iOS құрылғылары үшін сілтеме мұнда.

FIFA 2018, Ресми мобильді қосымша
«FIFA World Cup Russia 2018» мобильді қосымшасы. Скриншот

2. Футболдан әлем чемпионаты | Әлем кубогы

Қолданушылар қосымшадан барлық матчтың кестесі мен өтетін мерзімі, ойын нәтижелері, маңызды жаңалықтарды, турнирдің үздік бомбардирлері, стадиондар жайлы, чемпионаттар тарихын, ӘЧ 2018-дің толық статистикасын біле алады. Сондай-ақ, қосымшада тікелей трансляция жүргізіледі.

Andriod қолданушылары үшін сілтеме мұнда.

Әлем кубогы
«Футболдан әлем чемпионаты | Әлем кубогы» мобильді қосымшасы. Скриншот

3. Әлем чемпионаты 2018 Ресей

Бұл мобильді қосымшаның бір артықшылығы: оны іске қосқан сәтте қандай құрамаларды бақылап отыруды таңдасаңыз, соларды маңыздылар қатарына енгізіп, бірінші кезекте көруге мүмкіндік береді. Барлық матчтар топтастырылған бөлімде олар дараланып тұрады, яғни іріктеледі.

Сондай-ақ, қосымшаның басты бетінде чемпионаттың барлық топтарының кестесі ыңғайлы форматта ұсынылады.

Andriod қолданушылары үшін сілтеме мұнда.

Әлем чемпионаты
«Әлем чемпионаты 2018 Ресей» мобильді қосымшасы. Скриншот

4. Әлем чемпионатының нәтижелері — 2018 Ресей

Артық ақпараттарсыз, жаңалықтар мен мәтіндерсіз қарапайым қосымша. Барлығы өте жеңіл түсіндіріледі. Кестелер, топ-топқа бөлінген матчтар тізімі, жеке «Плей-офф» бөлімі бар.

Сондай-ақ, мұнда қолданушы алда болатын матчқа ескертпе қоя алады. Әдепкі қалпы бойынша ескертпе барлық матчқа қойылған. Оны өзгертуге болады.

Andriod қолданушылары үшін сілтеме мұнда.

iOS қолданушылары үшін сілтеме мұнда.

Әлем чемпионаты
«Әлем чемпионатының нәтижелері — 2018 Ресей» мобильді қосымшасы. Скриншот

5. Әлем кубогы Ресей 2018

Бұл — жоғарыда аталған қосымшаларға балама әрі көздің қабылдауына жеңіл интерфейсті қосымша. Басты бетте алда өтетін матч жайлы ақпарат және бірнеше соңғы жаңалықтар ұсынылады. Мәзірден барлық командалардың тізіміне, ойын кестелеріне, топтарға өтуге болады.

Сонымен қатар, барлық стадиондарда өтетін алдағы матчтар жайлы да білуге болады.

Andriod қолданушылары үшін сілтеме мұнда.

Әлем кубогы
«Әлем кубогы Ресей 2018» мобильді қосымшасы. Скриншот

6. Әлем чемпионаты 2018+ Sports.ru

Танымал спорт порталы ұсынған мобильді қосымшаның басты бетінде жаңалықтар беріліп отырады. Қажет болса, жаңалықтар лентасында белгілі құрамаларды ғана қалдыруға болады.

Әлем чемпионаты
«Әлем чемпионаты 2018+ Sports.ru» мобильді қосымшасы. Скриншот

Мәзірден командалардың стандартты тізіміне, кестелерге, матчтардың күнтізбесіне өте аласыз. Әр ойын статистикаларымен онлайн-трансляциядан көрсетіледі.

Andriod қолданушылары үшін сілтеме мұнда.