Жақсы көзілдірік – жаз мезілінің басты аксесуарларының бірі ғана емес, көзімізді қоршаған ортаның жағымсыз факторларынан қорғайтын, шаршаңқы қалыпқа түсірмейтін әмбебап дүние. Ол үшін төмендегіше маман кеңесін ұсынып отырмыз.

Алғашқы қадамды бет формаңызды дұрыс анықтаудан бастаңыз. Ол үшін сізге қою түсті маркер немесе сабын, қарындаш қажет болады. Айна алдына барыңыз. Басыңызды тік ұстап түзу тұрған қалпыңызда қолыңыздағы құралмен (қарындаш, маркер немес сабын)  бетіңізді айналдырып айнаны сызып шығыңыз. Бір қадам артқа шегініс жасап, айна бетінде пайда болған формаға зер салыңыз.

Дөңгелек бет формасы

Бұл формадағы беттің ұзындығы мен ені бірдей және жақ көлемі үлкен, иек аймағы дөңгелек, маңдайдың шаш өскен бөлігі тегіс болып келеді. Бұл орайда біздің міндетіміз – бет формасын ұзын етіп көрсету. Сондықтан қара түсті жақтаулы көзілдіріктерден бастаймыз. Бет пропорциясын теңестіру ұзындығы енінен басымырақ көзәйнекті таңдаңыз.

Көзәйнектің мына түрлері дөңгелек бет формасына сәйкес келеді:

  • Тік бұрышты немесе шаршы формасындағы көзәйнектер;
  • Көру әйнегінің формасы көбелек тектес көзәйнектер;
  • Құлаққа ілетін сабы жіңішке көзәйнектер.

Көзәйнектің мына түрлері дөңгелек бет формасына сәйкес келмейді:

  • Көлемі беттің қастан да жоғары бөлігін жауып тұратын үлкен көзәйнектер;
  • Дөңгелек көзәйнектер;
  • Геометриялық фигуралардың бейнесіндегі көзәйнектер;
  • Түрлі-түсті линзалар.

Сопақ пішінді бет формасы

Бет пішінінің бұл түрінде ұзындығы енінен басымырақ болып кездеседі. Жақ – бет құрылысының ең ұзын бөлігі. Маңдай бөлік кең үлкен болып келеді. Мұндағы басты міндет – бет пропорциясының үйлесіміділігін сақтау. Көзілдіріктің әйнегінің қастың жоғары бөлігімен сәйкес келуін қадағалаңыз.

Сопақ бет формасына сәйкес келетін көзілдірік түрлері:

  • Тік бұрышты, сопақ, дөңгелек пішінді көзілдірік:
  • Әйнек формасы «көбелек» тектес көзілдіріктер.

Сопақ бет формасына сәйкес келмейтін көзілдірік түрлері:

  • Массасы ауыр көзәйнектер;
  • Жіңішке көзәйнектер.

Жаз мезгілінің әдемілігін сезініңіз! Көзіңізді қорғайтын көзәйнектің миллиондаған түрі кездеседі, жақсысын таңдай біліңіз!

Аударған Әсел Алданазарова

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Пікір қосу