Ғалымдар: Марста тіршілік болған

Зерттеушілердің пікірінше, көлде тіршілік атаулы өмір сүрген. Сонымен қатар ғалымдар жыл мезгілі ауысқан кезде Марс атмосферасындағы метан мөлшері өзгеретінін анықтады. Жер шарындағы метан газының 90 пайызы биологиялық құбылыс нәтижесінде пайда болады. Ал Қызыл планетадағы метан тіршіліктің бар екеніне дәлел. Дегенмен зерттеушілер әзірге нақты қорытындыға келген жоқ. «3 миллиард жыл бұрын бұл жерде көл болған», – дейді олар.

«Органикалық заттардың пайда болуының 3 жолы бар. Біріншісі — биологиялық. Метеориттердің құлауынан пайда болады. Ал үшіншісі – жыныстардың қалыптасуынан. Ақпарат аз, сондықтан біз әзірге органикалық заттардың қалыптасуын анықтаған жоқпыз»,-дейді NASA астробиологы Дженнифер Эйгенброд.

Дереккөз24.kz