Геннадий Головкин әлем чемпионы атағынан ресми түрде айырылды

22 мамырда Спрингфилд қаласында тыңдалым өтті. Оған Геннадий Головкин мен оның IBF бойынша міндетті қарсыласы украиналық Сергей Деревянченко және олардың командалары қатысты.

Халықаралық бокс федерациясы екі тарапты да тыңдап, бүгін шешім шығарды. Геннадий Головкин IBF белбеуінен ресми түрде айырылады, өйткені 3 тамызға дейін Сергей Деревянченкоға қарсы міндетті жекпе-жекке шығудан бас тартты.

Еске салайық, Геннадий Головкин әуелі Сауль Альвареспен шаршы алаңда кездесуі керек еді. Алайда келіссөздер қаржылық келіспеушіліктің салдарынан жүзеге аспады. Сондай-ақ, WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен жекпе-жекке шығуы мүмкін деген болжам айтылып жүр.

ДереккөзSports.kz