Геннадий Головкин келесі қарсыласының есімін ресми мәлімдеді

Геннадий Головкинмен бұл жолы жұдырықтасатын боксшы — Армения тумасы Ванес Мартиросян (36−3−1, 21 КО).

31 жастағы Мартиросян — АҚШ азаматы. Ол 7 жасында отбасымен бірге АҚШ-қа эмигрант болып барып, сол жерде тұрақтап қалған. 2004 жылы Афинада өткен Олимпиада барысында Құрама Штаттар үшін өнер көрсетіп, жарты жолда жарыстан шығып қалған. Осыдан кейін ол кәсіби боксқа ауысты.

Айта кетейік, Головкин-Мартиросян жекпе-жегі Калифорния штаты Лос-Анджелес қаласының маңындағы StubHub Center орталығында өтеді.

Дереккөз24.kz