Басты бетЖаңалықтарЕсіл өзенінде...

Есіл өзенінде жағажай маусымы басталады

Бөлім басшысының айтуынша, жағажайда бес құтқарушы мен бір көлік жұмыс істейді.  Олар шомылушылардың қауіпсіздігін бақылайтын болады. Қазіргі уақытта қалалық жағажайға шатырлар, қоғамдық дәретхана және тазартылған құмдар, сондай-ақ терең орындарға белгілер мен қоршаулар орнатылған.

Орталық саябақта орналасқан жағажайға кіру ақысы биыл өзгеріссіз қалды: билет құны ересектерге — 500 теңге, балалар үшін — 200 теңге, ал мүгедектер, зейнеткерлер мен жеті жасқа дейінгі балалар үшін тегін. Сондай-ақ биыл саябақта отбасылық жағажай клубы ашылды.

«Кешенде үш жүзу бассейні бар. Біріншісі — ең кіші, оның тереңдігі — 20 см. Екінші бассейннің тереңдігі — 1,5 м, ал ересектерге арналған үшінші бассейннің тереңдігі —  2,5 м. Ересектер үшін  билеттің бағасы — 5 000 тг, балалар үшін — 3 000 тг, үш жасқа дейінгі балалар тегін», — деді Ирина Масленко.

ДереккөзЕlorda.info