Берекелі отбасында келіспеушілік мүлде шықпайды деп айтсақ, онымыз өтірік болар еді. Адамдардың бірлесіп тіршілік қылып жатқан жерінде ұрыс-керістің орын алып тұруы, бәлкім, заңдылық шығар. Алайда, іргетасы әуелден түзу қаланған отбасының мұндай жағдайларды қалпына келтіріп, реттеп отыратын белгілі бір құралдары болады. Осы “құралдарды” пайдалану себепті шаңырақ әуелгі арнаға қайта түседі.

Ерлі-зайыптылардың өміріне ЫҚЫЛАС деген ұлы амал басшылық жасамайынша, жеңіске жеттім деу бекерлік. Яғни, ерлі-зайыптылар барлық амалдарын Алла разылығы үшін жасауы тиіс. Мұсылман алдымен Алланы жақсы көреді, ал жарын – Алла разылығы үшін жақсы көреді. Амалдарын, ұмтылысын Алла разылығы үшін жасаған адамда ұтылыс жоқ.

Материалды Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысымен “Қазақ интернеті” қоғамдық бірлестігі дайындаған.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!