1. Дене шынықтырумен айналысу

Дене шынықтырумен айналысу – мықты денсаулыққа бірінші қадам. Әлсіз адам жиі серуендеуі керек. Жаяу жүру – дене шынықтырудың ішіндегі ең қолжетімдісі. Бұл рете дүкеннен дүкенге жаяу жүріп, уақыт өлтіру есептелмейді. Серуенді асықпай, таза ауады өткізу керек. Ойыңызды табиғатқа бөліп, қоршаған ортаның сұлулығын тамашалаңыз.

спорт, жүгіру
©yandex.ru

2. Жылдам жүру

Жылдам жүру. Ағзаға аздап күш түсірсеңіз, Сіздің дене қимылыңызға байланысты қан жүгіріп, ағзаңызға оттегі тарайды. Ағзадағы зат алмасу жылдамдап, тотығу-түзелу жаңаланып, көңіл-күйіңіз көтеріледі, яғни көңіл-күй жақсарса, иммунитет те көтеріледі. Бірінші күні – 1 шақырым, мұнан кейін күндегісін күніге бұл қашықтықты 5 шақырымға дейін жеткізу керек. Қалалық жағдайда жұмысқа дейін немесе жұмыстан кейін бір-екі аялдама жылдам жаяу жүрсеңіз жеткілікті. Иммунитетті көтеру үшін таза ауада серуендеуден гөрі жылдам жүру пайдалырақ.

Жаяу жүру

3. Салқын сумен жуыну

Иммунитетті көтерудің бұл түрін де ақырындап бастағаны жөн. Алдымен аяқтарыңыздан бастап салқын су құйыныңыз, сосын белден төмен қарай, сосын иықтан төмен қарай, ең соңында төбеден бастап төмен қарай салқын сумен құйыныңыз. Алғашында 1-2 рет жуынып, уақыт өте көбейтіңіз.

Жүзу

4. Спортпен шұғылдану

Фитнеске, биге қатысу иммунитетті көтерумен бірге тәніңіздің сұлулығын сақтауға және сұлулана түсуіне көп ықпалын тигізеді.

5. Құнарлы ас ішу

Тамақтану арқылы да иммунитетті нығайтуға болады. Ішетін тамағыңыз табиғи, дәрумендерге бай болуы қажет. Олар: жеміс-жидек, көкөністер, бал, ет және т.б. Қанты көп тағамдарды және қуырылып дайындалған тағамдарды аз пайдаланғаныңыз жөн, өйткені ол тағамдарды қорыту үшін ағзадағы пайдалы заттар жұмсалады, тиісінше иммунитет әлсірейді.

©top-diet.com

6. Пайдалы тұнбалар пайдаланыңыз

Иммунитетті нығайту үшін әртүрлі шөптердің жапырақтары мен тамырларынан алынатын тұнбалар және шырындар бар, олар: тамыр дәрісі (женьщень), қытай лимоншасы және лимон қосылған көк шәй, итмұрын шырыны.

©vino-lab.ru

7. Күлкі

Иммунитетіңіз мықты болсын десеңіз, барлық уақытта күліп, көңілді жүріңіз. Күлкі – иммунитетті көтерудің ең керемет әдісі.

Сен әлемге күлімдесең, әлем саған күлімдейді. Сондықтан «иммунитетім жоқ мен әлсіреп жүрмін» деген ойды өшіріп, иммунитетті өзіңіз қалыптастырыңыз. Ал табиғат Сізге қаншама иммунитет көтеруге мүмкіндік беріп отыр. Пайдаланыңыз. 

күлкі

8. Дұрыс ұйқы

Иммунитетті арттырудың ең қарапайым және айқын жолы — дұрыс ұйқы. Ұйқы дұрыс емес болған жағдайда жиі ауырып, мазаңыз қашады. Ұйқыға жатар және оянар уақытыңыз жеті не сегіз сағат болғаны жөн.

Ұйқы

Аталған кеңестерді пайдалана отырып, иммунитетіңізді көтеріңіз. Себебі, деніңіз сау болса, ісіңіз алға басып, көңіліңіз тыныш болады.