1 маусым балаларды қорғау күні

Мемлекеттің ертеңгі мықты тұғыры – жас ұрпақ. Өскелең ұрпақ қамын ойлау, балалық шақ­тың басымдығын мойында­татын терең моральдық құнды­лық екені де сөзсіз. Отанымыз алғашқы қадамынан бастап-ақ бала құқықтары туралы әлемдік конвенцияға ерекше мән беріп, соның талаптарының аясында жұмыс жүргізумен келеді. Бұл халықаралық келелі құжаттың елімізде жүйелі жүргізілуі жө­нін­дегі Жарлыққа Елбасы 1994 жылы қол қойған болатын.

Соны­­­мен қатар Президент өзінің ба­ғ­­­дар­ламалық сөздерінде бала құ­­қы­ғын қорғау ісіне, жетім және ата-анасының қарауынсыз қал­­ған­­дардың құқықтарын қор­ғау­ға мән беріп, басым шаралар­ды нақтылап берді. Әсіресе балалар үйінде тәрбиеленушілер санын мүмкіндігінше қысқарту, ондағы жұмысты тиімді ұйым­дас­тыру, жетім және ата-анасы­ның қамқорлығынсыз қалған балалар туралы ұлттық деректер қорын құру жөнінде де нақты тапсырмалар жүктеді.

Бүгінгі таңда республикамызда 6 миллионға жуық бала бар десек, оның 27 274-і жетім және ата-анасының қарауынсыз қал­ған­дар. Екінші деректегі, яғни балаларды отбасыларға орна­ластыру бойынша қазір жүйе­лі жұмыстар жүргізіліп, бұл оң өзгеріске бастап, көптеген өңірлерде жетім балалар азая бастады. Бұған нақты мысалдар келтірер болсам, осы санаттағы балалардың, яғни 20841 (76 пайыз) ұл мен қызды мейірімі мол, алақаны аялы азаматтар өз отбасыларына алып, өнегелі тәрбие беріп келеді. Тек 6223 (22 пайыз) жетім және ата-анасының қамқорлығына зәру бала 132 білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау мекемелерінің қамқорлығында екенін еске сала кетелік. Оның ішінде бір мыңнан астам ғана бала тұл жетім, қалған 83 пайызы әлеуметтік жетімдер санатына жатады. Олар ата-аналарының кері кетуінен жетім қалған балалар. Мына жайды да жұртшылықтың назарына салар болсам, 2017 жылдан бастап, тағдырлы балаларды ниет біл­дірген отбасыларына беру мә­се­лесі заңнамалық тұрғыда рет­тел­ді. Баланы қамқорлығына ал­ған отбасыларды мемлекет қар­жы­­лай қолдап отыруға кепіл­дік берді.

Бала асырап алушыларды да материалдық жағынан ынта­лан­дыру ісі өз шешімін тапты. Ай­талық, жаны жомарт аза­­мат­тар­ға 75 айлық көрсет­кіш көле­мін­де төлемақы бе­ру көз­дел­ген. 2015 жылдан бүгінге дейін 1239 бала қам­­қор­шы­сын тапса, оларға Үкімет есебінен 174 мил­лион тең­­геге жуық жәрдемақы төлен­ді. Бұл шаралар балалар үйлерінің азаюына әкелуде. Соң­ғы 5 жыл шамасында балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілер саны 40 пайызға азайып, 10 мың­нан 6 мыңға төмендеді. Ал 4445 бала өздерінің туған отбасы­на орал­ды. Осыған байланыс­ты елі­мізде 50 балалар үйі қайта ұйым­дас­­тырылып, біразы жабылды.

Қазіргі уақытта елімізде отба­сы­лық типтегі үш SOS балалар ауылы жұмыс істейді. Әлемде мұн­д­ай балалар ауылының жұ­мыс істей бастағанына 60 жыл болды. Ол балалар мүддесін, құқық­­тарын қорғайтын, қажетті­лі­гін өтейтін әлеуметтік ұйым болып саналады. Осындай ауыл­дардың біздегі ұзын санына келсек, 9 мемлекеттік, 4 үкі­мет­тік емес балалар және отбасы үлгі­сін­дегі үйлер жұмыс істейді. Оның негізгі міндеті – ата-ана­сы­ның қамқорлығынан айы­рылғ­ан балаларды жасытпай, за­ма­ндастарының қатарында қо­ғам дамуына сай бейімдеу, б­ұған қоса ертеңгі болашағын анық­­тауға көмектесу. Өмір­лік дағ­ды ұстанымдарын орнық­ты­­ру­ға жәрдемдесу, отбасы­лық, моральдық-рухани құнды­лық­тар­ды танып, білуге дағды­лан­дыру. Бұған қоса отбасылық үлгі­дегі 26 балалар үйіне қамқор бола отырып, орайы келсе туыс­тарын табуға сеп болу. Он­дай үйлерде қазір 118 бала тәрбие­ле­ніп жатыр.

Балалар үйінің тәрбиеленуші­лерін әлеуметтендіру мақсатында мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде 2014 жылдан бастап балалар үйінің әрбір тәрбиеленушісіне жоғары оқу орнында, колледждерде маман­дық алуына мүмкіндік жасау мақ­сатында арнайы есепшоттар ашылған. Бұл жұмыстың аясында 7779 тәрбиеленушіге 5 мил­лиард теңгеден астам сома­ға қайырымдылық көмек көр­сетілді. Бүгінгі таңда ЖОО мен колледждерде ақылы негізде 245 түлек білім алуда. Оларды әлеуметтік жағынан бейімдеу және өз бетінше өмір сүруге да­йындау үшін жастар үйлері де ашыла бастады. Онда ЖОО және колледждерде білім алу барысында талаптанып жүрген 16-23 жас аралығындағы балалар үйінің түлектері тұрады.

2013 жылдан бастап осы санат­тағы балалардың баспана алу құқығы бірінші кезекке шы­ғып, олардың арасында заңды тұлға­лар­дың баспанасын сақ­тап қалу жауапкершілігі де заңмен бекітілді. Балалар үйлері­нің түлектері үшін ЖОО және колледждерге түсу кезін­де мемлекеттік білім беру гранты­ның 1 пайызы қарастырылғаны белгілі. Олардың білім алу барысында тегін баспанамен, тамақ, киіммен, медициналық көмек, оқулықтармен қамту, стипендия алу бойынша да көп жағдай қарастырылған. Осы санаттағы балалар асыраушысынан айырылғандығы, мүгедектігі дәйектелсе, жәрдемақы алуға құқысы бар.

Жетімін жылатпаған халқы­мыздың шапағатты азаматтары, бүгінгі тілмен айтсақ, меце­нат­­тары да қол ұшын беруде. Бұл бойынша еліміздің бар­лық аймағында кәсіпкерлер, ірі мекемелер, бизнес құры­лым­дар қызметкерлері жанашыр­лығымен жетім балаларға қолдау көрсету ісінде кешенді жоспар жүзеге асырылуда. Осының шең­берінде білім алған жастар жұмысқа орналасып, баспанаға қол жеткізіп, ел дамуына өз үлестерін қосуда.  Қазіргі таңда Қарағанды, Шы­ғыс Қазақстан, Қызылорда, Ақ­мола облыстары, Алматы және Астана қалаларында қамқорлық және қорғаншылық органдары әлеуметтік жетімдіктің алдын алу бойынша үкіметтік емес ұйымдармен өзара келісім жасауды жақсы жолға қойды.

2017 жылдың алғашқы айынан бастап жетім және ата-ана­­­ларының қамқорлығынсыз қал­ған балаларды отбасында тәрбиелеуге тілек білдіргендерге республикалық деректер банкі көп көмек көрсетуде. Сол деректер банкі нәтижесінде 3640 жетім және ата-анасының қам­қор­лығынсыз қалған бала түрлі отбасынан пана тапты. Мыса­лы, 375 баланы отбасылар асырап алса, 621 бала патро­наттық тәрбиелеуге беріліп, 2644 бала қамқорлыққа қол жеткізген.

2018 жылдың 5 айында бұл көрсеткіш 711-ге артты. Елімізде әлеуметтік жетімдікке жол бермеу үшін де елеулі жұмыстар атқарылып келеді.  Иә, жанашыр азаматтармен бірлесіп шешетін мәселелер де аз емес. Оның бастысы, кей об­­лыс пен қалалардағы бала­лар үйі­нің ескі тәсілмен жұмыс іс­теп жатқаны дер едім. Бұл тұр­ғы­дан келгенде Алматы қала­сы, Алматы, Шығыс Қазақ­стан, Қарағанды, Павло­дар, Қо­с­танай, Оңтүстік Қазақ­стан об­лыс­тарындағы балалар үйі­не серпіліс керек болып тұр. Бұған қоса, балаларды әлеу­ме­т­­тен­дірудің басты мәселе­сі, нақ­тылай түссек, балалар үй­лері түлектерін қоғам дамуына қа­рай, өмір сүру үрдісіне сай бейім­деу жайы да ойландырмай қоймайды.  Бір атап өтерлігі, балалардың балалар үйіне қайта оралуы сиреді. Әйтсе де өткен жылы 125 бала балалар үйіне қайта оралды.

Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 2 есеге (246, 2016 жылмен өлшегенде 1,5 есеге (195) аз деуге болады. Әрине барған жеріне тастай батып, судай сіңгенге не жетсін. Тәуелсіз еліміздегі қолға алынып жатқан келелі істің бірегейі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған отбасы институтын жетілдіріп, тірлігін нығайту ба­сты міндетке айналды. Біз мұн­ы тиянақты түрде жүзеге асыр­сақ, тірі жетім болмайды. Ай­рандай ұйыған отбасы қ­алып­тасады. Жақсы отбасы­нан жат мінезді ұрпақ өсіп шық­пай­ды. Бұл істе біз балалар үйін және орталықтарды зама­нға сай ұйымдастырып, қалып­тас­тыруды қолға алдық. Сол орта­лы­қтардан бала алуға ниет біл­дірген ата-аналарды алдын ала дайындау, қиын жағдайға тап болған отбасыларын анықтау, себебін біліп, салдарын жою, ана мен бала құқығын сақтау – ай­налып келгенде, еліміздің келе­шегі саналатын барлық ұр­пақ­ты кемел етіп өсіру. Бұл істе әрбір ата-ананың, қоғамдық ұйым­дар­дың, жеке тұлғалардың атқа­рар жұмысы аз емес. «Отба­сын­да адам бойындағы қа­сиет­­тер жарқырай көрініп, қалып­­та­сад­ы. Отанға деген ыс­тық сезім жақындарына, туған-туыс­қандарына деген сүйіс­пен­ші­лік­тен басталады.

«Отба­сы­ның өнегесі – Отан өнегесі» деп жаз­ған еді кезінде Бауыржан Мо­мыш­ұлы. Бұл жай ғана сөз тір­кесі емес. Зор мағыналы сал­ма­ғы бар, жанға жылу, қанға қызу бе­ретін сөз», деген еді Мем­ле­кет басшысы. Ендеше бола­ша­­ғы­мыздың тірегін тәрбие­леу­де бүгін кішкентай болған­мен, ер­теңгі мықты азаматтары­мыз­дың заманға сай білімді де білік­ті етіп қалыптасуы жолында олар­дың дәл қазір құқығын қорғ­ау, қолдау басты міндет болып табылады.

Дереккөзegemen.kz