Малды Алла Тағала адам ырзығы үшін жаратқан десек те оның өзінше тәртібі, міндеттері бар. Сондықтан, мал сою кезінде сақталу қажет болған негізгі екі шартына тоқталайық:

Бірінші шарт: Мал соятын адам – ақыл – есі дұрыс, балиғат жасына толған мұсылман болуы керек. Мал союшы есін білмейтін бала болса, бауыздалғаны харам. Ал егер үлкен, яғни жеті жастан асқан әрі союдың мәнісін түсінетін бала болса, бауыздағаны халал болады. Сол сияқты, есі дұрыс емес адамның сойғаны харам.

Екінші шарт: Малды (бәсең немесе орта дауыспен) «Бисмиллаһ», – деп сою керек және «Аллаһу Акбар», – деп қосса абзал болады. 

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деген: «Расында, мен сендердің пұттарға арнап бауыздағандарыңды және Аллаһтың аты аталмай бауыздалғанды жемеймін!»(әл-Бухари 4/58).

Материалды Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысымен “Қазақ интернеті” қоғамдық бірлестігі дайындаған.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!