Жамбыл облысында оңтүстік-батыс, батыстан жел соғып, оның жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28, кей жерлерде 30 м/с болуы мүмкін. Күндіз күн күркіреп, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл болуы ықтимал.
Таразда оңтүстік-батыстан жел тұрып, екпіні 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с-ке жетеді.
Күндіз Қарағанды облысында 15-20 м/с, кей жерлерде 23-30 м/с болатын оңтүстік-батыс желі еседі. Кей жерлерде найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл болуы ықтимал.
Қызылорда облысында жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28, ұйытқуы 30 м/с болатын солтүстік-батыс желі соғады. Шаңды дауыл болады деп болжануда.
Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік, оңтүстік-батыс бағыттан жел тұрады. Оның жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28, ұйытқуы 30 м/с. Кей жерлерде найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл болуы мүмкін. Өскеменде 30 мамырда 17-22 м/с болатын жел ұйтқи соғады. Дауыл болуы ықтимал.