Бас ауруын халық емі арқылы емдеуге болады. Оның түрлі әдістері бар. Алдымен бас ауруының себептерін біліп алған дұрыс.

Дәрігерге қандай жағдайда қаралу керек?

Бас ауруы кезінде адамды қалтыратып жіберетін, неврологиялық ауытқулар туғанда (әлсіздік, тіл байланып қалу, көз көрмей қалу, сөйлей алмау) дәрігерге қаралу керек. Сонымен қатар, бас әрең жазылатын жағдайларда, егер бас сақинасы айына екі және одан да көп рет ауыратын болса дәрігерге қаралған жөн. Бас ауруының 150-ден астам түрі бар. Дұрыс диагноз қою үшін және тиімді ем алу үшін бас ауруын емдейтін цефалголог дәрігерге қаралған жөн. Аталмыш жағдайларда өз бетінше емделу қауіпті.

Ауа-райына байланысты бас ауырса…

Егер сіздің басыңыз жиі ауыратын болса, ең алдымен оның тұрпатын және бастың ауыруына әсер еткен факторларды анықтау керек. Мәселе ауа райында емес, ауа дұрыс айналмайтын бөлмеде қажетті физикалық қозғалыссыз бір қалыпта ұзақ қызу жұмыс істегеніңізден болуы мүмкін.

Бас ауырғанда су ішу дұрыс па?

Бастың ауыруы ағзаға қажетті сұйықтық жетіспегеннен болады және су ішсек ол қояды деген пікір бар. Кей жағдайларда ағзаның құрғауы бас ауруын тудырады. Бас ауруы басталып келе жатқанда су ішіп жіберсеңіз, оның ауырғаны тоқтауы мүмкін. Кейбір өнімдер де бас ауруын тудыруы мүмкін. Шараптан кейін бастың ауыратынын көп адамдар байқаған болар. Сонымен қатар, балмұздақ жеу мен суық та бас ауруына себеп бола алады.

Бастың жиі ауыруы неден болуы мүмкін?

Мысалы, демалыс күндері немесе етеккірдің басталуының алдында бас ауыруы мүмкін. Демалыста адам көп ұйықтаса да басы ауыратын кездер болады. Бас ауруын тудыратын жағдайларға назар аударып, себеп салдарын анықтаңыз.

Халық медицинасында қандай ем қолданылады?

  • Шаршаудан туындаған бас ауруы кезінде жылы бұлау, мелисса немесе түймедақтан дайындалған шай көмектеседі. Кей жағдайларда валериана ішу немесе теңіз тұзы, шөптер қосылған бұлау жасау пайдалы.
  • Желке тұсына немесе жауырындар ортасына, сондай-ақ балтырдың артқы жағына үгіткіштен өткізілген шомыр мен желкек басуға болады. Үгіткіштен жаңа өткізілген желкек шырынын самайға жағады (1-2 минутқа) және бір тілім қара нанды аздаған желкекпен жейді.
  • Кейде бас ауырғанда және ұйқы қашқанда атбас бұршақ қосып қайнатылған сарымсаққа өсімдік майын араластырып самайға жағады. Бұны ұйықтар алдында жасайды.
  • Бас ауырғанда қол мен аяққа ыстық бұлау жасайды. Сондай-ақ бумен бұлау да жақсы әсер етеді. Қайнатылған су мен алма сіркесуының буын 75-100 рет жұтады. Нәтижесінде ауырсыну жойылуға немесе азаюға тиіс.

Бас ауруына пайдалы тұндырмалар

  1. Бір ас қасық шайқурайға бір құты ыстық су құяды, 15 минут қайнатып, сүзіп алады. Құтының төрттен бір бөлігін күніне үш рет ішеді.
  2. Ұнтақталған андыз тамырына бір құты салқын су құйып, 10 сағат тұндырады, сүзіп алады. Астан жарты сағат бұрын күніне төрт рет құтының төрттен бір бөлігін ішеді.
  3. Киікшөп пен шайқурайды 2:1 мөлшерде араластырып, оның 20 грамына 1 құты ыстық су құяды, бір сағат тұндырып, лимон қабығын немесе даршын қосады. Ыстық күйінде астан жарты сағат бұрын жарты құтыдан күніне 2-3 рет ішеді.
  4. Бір грамм даршынға 20 миллилитр ыстық су құяды, бірақ жаңа қайнаған емес. Жарты сағат тұндырып, әр сағат сайын екі жұтымнан ішеді. Тұндырманы маңдай мен самайларға басуға болады.
  5. Жалбыз, сасықшөп, мыңжапырақты тең мөлшерде араластырып, оның 10 грамына суық су құйып, 10 минут қайнатқан соң бір сағат тұндырады. Тамақтан жарты сағат бұрын ыстық күйінде жарты құтыдан ішеді.