Басты бетАстана Қытайда...

Астана Қытайда қос азаматтығы үшін ұсталған этникалық қазақтарды босатуды сұрады

Қазақстан мен Қытайдың Сыртқы істер министрліктері консулдық департаменттерінің басшылары Қытайдан Қазақстанға оралып, осы ел азаматтығын алған этникалық қазақтардың жағдайын талқылады.

Министрлік Қытайда қос азаматтығы үшін ұсталған этникалық қазақтарды босату және ісін шынайы әрі әділ қарауды сұрады. Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы этникалық қазақтардың проблемасын шешуде ортақ әрекет етуге келісім жасалды.

Қытайдағы этникалық қазақтардың жаппай қысымға ұшырағаны туралы ақпараттар 2017 жылғы сәуір айынан тарай бастаған. Шыңжаңда ұсталғандар арасында Қытайдан тарихи Отанына оралып, Қазақстан азаматтығына ие болғандар да бар. Қытайдағы этникалық қазақтар негізінен Шыңжаңның Іле-Қазақ автономиялық округіне қарасты аудандарда, Алтай және Тарбағатай округтерінде, Үрімші қаласы мен басқа да аудандар тұрады. 2000 жылғы халық санағы бойынша, Қытайда 1 миллион 250 мың қазақ бар.

ДереккөзCentralasian.org