Шахматшы Динара Сәдуақасова әлемдік рейтингтің ТОП-15-тігіне кірді

Динара Сәдуақасова АҚШ-та өткен танымал Summmer Chess Classic турнирінен кейін рейтингтегі орнын жоғарылатты. Бұл - оның мансабындағы үздік нәтиже.

©zakon.kz

Жарысқа 10 гроссмейстр шақырылды. Oның сегізі ер адам болды. Динара Cәдуақасова үш қарсыласын жеңіп, бірнеше рет тең түсті. Турнир соңында бесінші орын алды.

«Мұндай айтулы турнирге қатысу – мен үшін мақтаныш. Алдағы мақсатым – үздік 5-тікке кіру. Сонымен қатар, Қазақстан және Орталық Азияда шахматты нәсихаттау жоспарым бар. Себебі, интеллектуалды-дамыған жастарды қолдау Қазақстанның жарқын болашағы болатынына сенемін», — деді Динара Сәдуақасова.

Осы жарыстан кейін қазақстандық шахматшы FIDE әлемдік рейтингінің ТОП-15-тігіне кірді. Бұған дейін спортшы 18-орында болатын.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version