Динара Сәдуақасова Азияның үздік шахматшысы атанды

Біріккен Араб Әмірліктерінде жыл сайынғы «Asian Chess Excellence Awards» сыйлығын тапсыру рәсімі өтіп, Қазақстандық гроссмейстер Динара Сәдуақасова Азияның 2017 жылдағы ең үздік шахматшысы атанды.

©zakon.kz

Қазақстандық гроссмейстер Динара Сәдуақасова — төрт дүркін әлем чемпионы, Қазақстанның бірнеше мәрте жеңімпазы, еліміздегі шахматшы қыздардың көшін бастап тұрған талантты қыз. Оның «Шахматтағы алғашқы қадамдар» деген кітабы бар. Биыл ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Ұлттық елшісі болып сайланды.

«Asian Chess Excellence Awards» — шахматшыларға 2014 жылдан бастап беріліп келе жатқан сыйлық. Алғашқы жылдары «20 жасқа дейінгі үздік шахматшы» аталымын Жансая Әбдімәлік алса, 2014 жылдың үздік жаттықтырушысы болып Евгений Владимиров танылған еді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version