Басты бетЖаңалықтарҚазақша шығармалар...

Қазақша шығармалар алты тілге аударылады

Тәржімамен әлемге танымал оқу орындарының мамандары айналыспақ. Шет тілдеріне аударылған шығармалар тек кітап түрінде ғана емес, электронды және аудио нұсқада шығарылады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының алты тіліне аударылатын антологияның бірінші томы – прозаға, екіншісі заманауи поэзияға арналмақ. Әлем тілдеріне тәржімаланатын шығармалардың тізіміне тәуелсіздік жылдарында еңбек еткен қаламгерлердің шығармалары енеді. 500 беттен тұратын екі томдық кітаптың әрқайсысына 30 шақты автордың аты кірмек. Академиялық басылымдар әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми орталықтары, сондай-ақ кітапханаларға тегін таратылады. Ал нарықтық басылымдардың электронды және аудио нұсқалары да жасалмақ.

Дереккөз24.kz