Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында...

Алматы облысында киелі жерлердің электронды картасы іске қосылды

«Қазақстанның киелі картасы» жобасы аяында Алматы облысында 58 орын таңдалып алынды.

Оның 17-і республикалық, ал 41-і облыстық тізімге енгізілді», — деп хабарлады ол.

Амандық Батталов келтірген мәліметке сәйкес, карта аймақтың киелі орындары мен табиғи ескерткіштері туралы мәдени және тарихи мәліметтерді алуға мүмкіндік береді.

«Ол картадан киелі орындардың орналасқан жерін, тарихын, бағдарын, фотосуреттері және бейнематериалдарды табуға болады», — деді спикер.

Облыс басшысының атап өтуінше, заманауи ақпараттық технологияларды енгізу кез келген сапардың логистикасына айтарлықтай жеңілдік береді.

«Мысал келтірейін. Мәселен, «Жетісу-360» жобасы бойынша аймақтың туристік бағдарына орнатылған навигациялы арнайы 255 QR көрсетушісі пен облыстың музейлеріне арналған 3D-тур бар. Кез келген гаджет арқылы zhetysu360.kz сілтемесіне өтіп, сіз үйден шықпай-ақ виртуалды сапарға шыға аласыз», — деді облыс әкімі.

Амандық Баталов бағдарламаны жүзеге асыруға аймақтың жастары белсенді қатысып жатқанын атап өтті.

«С.Демирель атындағы университеттің студенттері iOs және Android үшін үш тілде «Жетісудың киелі орындары» атты мобильдік қосымша жасап шығарды», — дейді әкім.

Бұдан басқа Амандық Баталовтың айтуынша, облыста «Жетісу географиялық бірлестігі» құрылған. Ол бірлестік Жетісудың скретч картасын жасап шығарған.

Дереккөзinform.kz