Тамаққа отырмастан алдын және кейін қолды жуу

Себебі ислам дініміз тазалыққа үгіттейді. Ендеше тамақтанудан алдын және кейін қолды жуу – тазалықтың және тән саулығының басты кепілі. Пайғамбарымыздың хадисінде: «Тамақтың берекеті ас ішуден алдын және кейін қолды жууда»,- деген.

Ережелері қандай?

  • Дастархан жаю;
  • Қолды білекке дейін жуу;
  • Дастархан басына аяқ-киіммен отырмау;
  • Жерде отырып тамақтану;
  • Тамақтанар алдында «Бисмиллях» деу;
  • Оң қолмен тамақтану;
  • Мүмкіндің болса үш саусақпен тамақтану;
  • Тым ыстық тамақ жемеу;
  • Асты үрлемеу;
  • Табақтың өзіңізге жақын жағын алу;
  • Тамақ жерге түсіп кеткен жағдайда үрлеп қайта жеу;
  • Дастархан басында бірыңғай үндемей отырмау;
  • Асты жамандамау;
  • Тамақтанып болған соң ыдысты толығымен тазалау;
  • Тамақтанып болған соң, ас жеген саусақтарды тазалап, жалап қою;
  • «Әлхамдулиллаһиләзи әтамәна хазәттаамә уә рәзақана мин ғайри хаулин минна уә; лә қууаһ» дұғасын оқу;
  • Тамақтанып болған соң дастарханды жинау;
  • Қолды жуу;
  • Ауызды шаю;

Тамақтанудың парыздары:

  • Жеген кезінде тоюды және ішкен кезінде қануды Аллаһу та’аладан деп білу.
  • Халалдан тамақтану.
  • Жеген тамақтың қуаты жұмсалғанға дейін Аллаһу та’алаға құлшылық ету.
  • Қолындағы барға қанағат ету.

Тамақтанудың Мәкрухтары:

  • Сол қолмен ішіп-жеу.
  • Жейтін тамағын иіскеу.
  • “Бисмилләһ” айтпау (тамақтың ортасында болса да еске түскенде “бисмилләһ”ты айту керек.)
  • Тамақтану кезінде сөйлемеу (Тамақтанғанда сөйлемеу отқа табынатындардың әдеті. Қуанышты нәрселер айтып отыру керек.)
  • Ыдысты, табақты нанның үстіне қою. Қолын, пышақты нанға сүрту (Егер бұл нан желінсе мәкрух болмайды.)
  • Көгерген нан, иістенген тамақ пен су мәкрух.

Басқа да маңызды жайттар:

Алтын және күмістен жасалған ыдыспен тамақтанбау

Хузайфадан (Аллаһ ол кісіге разы болсын) жеткен хабарда Аллаһ Елшісі былай деген: «Тап-таза жібек киім (ерлер үшін) кимеңіздер. Алтын және күміс ыдыстан тамақ ішпеңіздер. Осыған ұқсас ыдыстардан да тамақ жемеңіздер».

Тоя тамақ ішпеу

Пайғамбарымыз былай дейді: «Ешқандай адам асқазанынан асқан қатерлі ыдыс толтырмаған. Әлбетте, кісіге өзін еркін алып жүруі үшін біршама тамақ жетеді. Алайда адамның тойып жеуі қажет болса, онда асқазанының үштен бірін тамақтануға, үштен бірін суға, үштен бірін тыныс алу үшін бөлсін».

Жата-жастанып тамақ ішпеу

Бұл туралы Пайғамбарымыздың өзі былай дейді: «Мен бір жерге жата-жастанып тамақ ішпеймін».

Тамақтан соң бата жасап, дұға ету.

Пайғамбар хадистерін ескере отырып тамақтану қай-қайсымызға жүктелген үлкен міндет. Тамақтанудың ең басты мақсаты – нәпсіні тойдыру емес, Аллаға деген құлшылығымызды еркін жасау үшін болғаны жөн.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!