Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік инновоциялық жобаларды қаржыландыруға грант бөледі.
«Технологияны коммерциялау гранттарын бөлу 63 жұмыс күні ішінде, ал кәсіпорынның технологиялық даму гранттарын үлестіру 80 жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Осы уақыт аралығында жүргізілетін сараптаманың барлық түрі қарастырылған. Сонымен қатар бұл күндері комиссия отырысы өтеді», — дейді Өміржан Ташимов, ТДҰА басқарма төрағасының орынбасары.
Өтінімді қабылдау 6 маусымнан бастап 16 шілдеге дейін жүргізілмек. Гранттар 3 бағыт бойынша үлестіріледі. Конкурсқа 100 үміткер қатысады деп күтілуде.
Айта кетейік, ереже бойынша грантты игеруге 3 жыл беріледі.