Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, күндіз Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл облыстарының бірқатар аймақтарында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және күндіз тұман түседі.
Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында шаңды дауыл көтеріліп, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды.
Қызылорда облысында шаңды дауыл көтеріліп, күндіз кейбір аудандарда желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Күндіз Атырау облысында күн қатты ысиды.