Басты бет Жаңалықтар Ғалымдар жұмыртқаның көптеген ауруға пайдалы екенін анықтады

Ғалымдар жұмыртқаның көптеген ауруға пайдалы екенін анықтады

Британ және қытай ғалымдары күніне бір жұмыртқа жеу жүрек қан тамырлары ауруларының қаупін азайтатынын анықтады.

Мамандар төрт жылдағы зерттеу нәтижесін ScienceDaily басылымында жариялаған.

Зерттеуге 30 және 79 жас аралығындағы Қытайдың 416 мың тұрғыны қатыстырылған. Олардың барлығы да мамандарға төрт жыл бойы жұмыртқаны күнделікті қанша тұтынып жүргендерін айтып отырған. Ал осы уақыт ішінде дәрігерлер олардың денсаулығына зерттеу жүргізген.

Нәтижесінде, аптасына 5 жұмыртқадан кем жемеген адамдардың аптасына 2 жұмыртқа жегендерге қарағанда 28%-ы геморрагиялық инсультқа және 18%-ы жүрек қан тамырлары ауруларына аз шалдығатыны белгілі болған.

Сонымен қатар, жұмыртқаны жақсы көретін адамдардың 12%-да жүректің ишемиялық ауруларына шалдығу қаупі төмен екені анықталған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version