Басты бет Қоғам Дәрігерлердің жалақысы жұмыс нәтижесіне қарай төленуі мүмкін

Дәрігерлердің жалақысы жұмыс нәтижесіне қарай төленуі мүмкін

Денсаулық саласын корпоративтік басқару аясында дәрігерлердің жалақысын дифференциалды жолмен төлеу жүйесі ұсынылды. Яғни, алдағы уақытта медицина мамандары жұмыс нәтижесіне қарай айлық алуы мүмкін.

©24.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов дифференциалды жолмен жалақы төлеу бойынша әдістемелік ұсыныстар барлық облыстарға таратылғанын айтады.

«Осы мәселеге баса назар аудару қажет. Біздіңше, ішкі резервтер бар. Менеджерлер стратегиялық жоспарлар аясында медицина қызметкерлерін ынталандыру шараларына көңіл бөлуі тиіс. Біз ондай жүйе бойынша тиісті әдістемелік нұсқауларды әзірлеп, барлық аймақтарға тараттық», — деді Біртанов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Бүгінде республика бойынша дәрігердің орташа жалақысы 159 мың теңгені құрайды. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше мемлекеттеде аталған көрсеткіш екі-үш есе артық. Жаңа жүйе — дәрігерлердің жалақысын арттыруға мүмкіндік.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version