Басты бетЖаңалықтарДариға Назарбаева...

Дариға Назарбаева медиафорумда цифрлық ұрпақтың бүгінгі келбеті жайлы айтты

Форумды ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваның айтуынша, бүгінгі БАҚ осыдан бірнеше жылғы БАҚ-қа түбегейлі ұқсамайды.

«Біздің айналамыздағы өзгерістерге келсек, бұл туралы айтатын нәрсе жетерлік. Ақпарат құралдары түбегейлі өзгерді. Ең алғаш рет 2002 жылы Алматыда бас қосқанда айфондар да, фейсбук те, инстаграм да, ватсап та болмаған. Бұл жаңа технологиялар біздің өмірімізге айналдырған 1-2 жылда еніп, ажырамас бөлігіне айналды. Пейджер деген сөз ұмытылды. Телефондарды тек көне фильмдерден көреміз. Теледидар жәшігі сұйық экранға айналды. Смартфон қазір қалтаға сыйып кететін компьютер», — деді ол.

Дариға Назарбаева бұл өзгерістердің қазіргі ұрпақ өміріне қалай ықпал етіп жатқанын айтты.

«Біз бала кезімізде қуыршақпен қалай ойнадық. Тура солай қазіргі балалар девайстерден ажырамайды. Әлемдік медиатұтыну өзге кейіпке енді. Қазіргі цифрлық ұрпақ ақпараттар әлемін көз ілеспес жылдамдықпен меңгеріп келеді. Бұл ұрпақ дәстүрлі немесе балама ақпарат көздерін қатар пайдаланады. Олар ғаламтар мүмкіндігін қалыптағы жағдай етіп қабылдайды», — деді Д.Назарбаева.

Айта кету керек, Алматыда XV Еуразиялық медиафорум өз есігін ашты.  Орталық Азиядағы тәуелсіз диалог алаңы аталған Еуразия медиафорумына  60-тан астам елден 500 делегет қатысуда. Алқалы жиында сарапшылар мен саясаткерлер, экономистер мен қоғамдық пікір иелерінің қатысуымен Қазақстанның, Еуразияның, жалпы әлемдік қауымдастықтың экономикалық, геосаяси, әлеуметтік мәдени мәселелерін талқылау. Форумның алғашқы күні шеберлік дәрістерінен басталды.