Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қазақстан алғаш рет Бразилияға уран жеткізді

©inform.kz

«Қазатомөнеркәсіп» компаниясы бразилиялық «Indústrias nucleares do Brasil» (INB) компаниясына табиғи уран концентратын жеткізу бойынша тендерде жеңіп шықты. Келісім шарттарына сәйкес Қазатомөнеркәсіп белгіленген мерзімде уран жеткізіп берді», — делінген хабарламада.

Айта кетрлігі, INB — Бразилияның ядролық отын өндіретін мемлекеттік кәсіпорны. INB қызметін елдің Ядролық энергия жөніндегі ұлттық комиссиясы (CNEN) мен Қоршаған орта және жаңғырмалы табиғи ресурстар институты, сондай-ақ АЭЖХА лицензиялап және қадағалап отырады.

Қазақстанның ұлттық атом компаниясының мәліметінше, аталмыш келісімшартқа қол қойылуы атом энергиясын бейбіт пайдалану жөніндегі қазақстан-бразилия ынтымақтастығын дамыту және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өнімдерін өткізудің жаңа нарығын іздеу тұрғысынан үлкен маңызға ие.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version