Басты бетЖаңалықтарҚазақстанның ең...

Қазақстанның ең білімді оқушыларын анықтайтын турнир басталды

«Кім білгіш?»  эрудиттер сайысы дәстүрлі турнирге айналды. Осы жылы турнир үшінші рет өткізілуде. Биылғы турнирдің ерекшелігі ойынның ағылшын тіліндегі нұсқасының қосылуы, ол қатысушыларға ағылшын тіліндегі білім деңгейін көрсетуге мүмкіндік береді.

Аталған интеллектуалдық ойын спорт, ХХ ғасыр, ХХІ ғасыр, әлемде, өнер, Қазақстан тарихы, Қазақстан табиғаты, денсаулық, ғылым тақырыптарындағы 30 000-нан астам сұрақтардан тұратын мобильді қосымша. Онлайн турнир «Кім білгіш?» интеллектуалды ойыны бойынша қатысушылар арасындағы сайыс түрінде өтеді. Ойыншы алты раунд бойы түрлі категориялардағы сұрақтарға жауап беруі қажет. Ойын жеңімпазы дұрыс жауаптар саны бойынша анықталады. Турнир қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде өткізіледі.

Онлайн турнирге қатысу өтінімдерін қабылдау мерзімі — 2018 ж. 21 мамырынан 30 маусымына дейін. Онлайн турнирге www.qazaq-found.kz  сайтының арнайы байқау парақшасына алдын-ала қатысуға өтінім жіберген республиканың жоғарғы сынып оқушылары (9,10,11 сыныптар) қатыса алады. І және ІІ тур 2018 жылғы 1 шілдеден 31 тамызға дейін онлайн режимінде өтіп, қорытынды тур   Астанада болады.