Кескін-келбетіңіздің жақсы көрінуі үшін дұрыс тамақтанып, көбірек су ішудің маңызы зор.

Тісіңізге көңіл бөліңіз

Дәрігерге көрініп, барлық тісіңізді емдетіңіз. Емдететін тістеріңіз болмаса, оларға арнайы кәсіби ағарту процедурасын жасатыңыз. Тісіңізді тек таңертеңгі және кешкі уақытта ғана емес, әрбір тамақтанудан кейін тазалаңыз. 10 күн ішінде тіс щеткасының арқасында тістегі өңездерден тазаланасыз. Әрі ауыз қуысы иісі жағымды болады.

Тұздан бас тартыңыз

Алғашында, ең құрығанда тұзды тағамдар сатып алуды тоқтату керек. Тұз ағзада су айналымын кешіктіреді. Осы себептен көз астында қанталау мен қара шеңбер пайда болады.

Жаяу жүріңіз

Күнде жұмыстан жаяу қайтыңыз. Яғни, үйіңізге, ең кемі 40 минуттай сергек адыммен жүріп жетуге тырысыңыз. Егер жүгіргіңіз келсе, жүгіріңіз. Бірақ, арнайы жаттығу залдарындағы жүгірме кілемшесінде емес, таза ауада жүгіріңіз. Таза ауада серуендеу — бет түсін жақсартады. Ал күнге күю беттегі кішігірім кемшіліктерді жасыруға көмектеседі.

Бетіңізге көңіл бөліңіз

Егер сіздің бет теріңізде мәселе болса, онда орамалдың орнына бетке арналған бір реттік майлықтарды қолданыңыз. 10 күннен кейін бетіңіздің жақсарғанын байқайсыз.

Ұйқыңызды реттеңіз

7-8 сағат ұйықтаңыз. Егер ұйқыңыз келмесе, смартфон қарап немесе кітап оқымай, жәй ғана жатыңыз. Армандаңыз, жоспар құрыңыз, тіпті, медитация жасап көруге болады. Әйтеуір, өзіңізге демалып, серігуге мүмкіндік беріңіз.

Жаттығу залына барыңыз

10 күн бойы жаттығу залына баруды жоспарлаңыз. Кейін жаттығу жасау мен жасамаудың айырмашылығын сезінгеннен кейін, оны әрмен қарай жалғастыру-жалғастырмауды өзіңіз шешесіз. Күнделікті жоспар құрып қойсаңыз, жаттығуға көп уақыт та кетпейді.

Дұрыс тамақтаныңыз

Жиірек тамақтаныңыз. Асыңызды екіге бөліңіз де, оны күніне 3-4 рет емес, 6-7 рет бөліп жеңіз. Тағам мөлшері сол қалпында қалады. Бірақ, сіз 10 күннен кейін ас мөлшерін қысқартып, азырақ тамақтану керектігін ұғасыз.

Алкоголді ішімдіктерге мүлдем жоламаңыз.

Үйіңізді тазалаңыз

Үйіңіздің бұрыш-бұрышына дейін сүртіп, толықтай тазалау жұмыстарын жүргізіңіз. Бұл сергек ұйықтауға және өзіңізді жақсы сезінуге септігін тигізеді. Таңертеңгісін салқындау суға шомылыңыз. Ол — сізге тері сергектігін сыйлайды.

Гардеробыңызды жаңалаңыз

Гардеробыңыздың ішіндегі ең әдемілерін кейінге қалдырмай, 10 күн бойы киіп шығыңыз. Ал киілмейтін киімдеріңізді қайырымдылық ұйымдарына өткізіңіз. Игі іс – адамды киімнен артық әшекейлейтінін ұмытпаңыз.

Кино көріңіз

Күнде кешке күліп, эндорфин қабылдау үшін жағымды комедия фильмдерін қараңыз. Ол жиі күліп жүруге, өзіңізді жарқын сезінуге септігін тигізеді. Ал 10 күн бойы мүлдем теледидар қарамаңыз, комедия фильмдерін көруге болады.

Массаж қабылдаңыз

Бұлшықет пен дене бітіміңіз әдемі көрінуі, жақсы жұмыс істеуі үшін 10 күндік массаж қабылдаңыз. Ол босаңсытатын емес, емдік массаж болуы тиіс.

Достарыңызға қоңырау шалыңыз

Әр күн сайын көптен бері байланыспаған достарыңыздың біріне қоңырау шалып отырыңыз. Жақсы көңіл күй – жиі күлімдеуге көмектеседі.

Тік жүріп үйреніңіз

Арқаңызды тік ұстап жүруді бастаңыз. Күні бойы арқаңызды тік ұстап жүре алмасаңыз, арнайы корсет немесе гаджет сатып алыңыз.