Дэдпул 2 (18+)

Жанры: фантастика, атыс-шабыс, комедия

Режиссері: Дэвид Литч

Шығарушы ел: АҚШ

Былтырғы жылы Marvel жаңа суперқаһарман ұсынған еді. Аталған фильм соның жалғасы. Дэдпул оралды! Оның күші артқан, соған сәйкес әзілі де көп. Енді Дэдпулға бейқам жүруге болмайды. Отбасы, достық, қаһарман болудың мәні туралы ойлану керек. Себебі оның қызық пен махаббатқа толы өміріне қауіп төндіретін адам пайда болды. Дэдпул оған қарсы әскер жинамақ. Жаңа құрам жауының сазайын тарттырады, көрерменді күлдіруді де ұмытпайды.

За бортом (16+)

Жанры: комедия

Режиссерлері: Боб Фишер, Роб Гринберг

Шығарушы ел: АҚШ

Леонардо миллионер жігіт. Бір күні ол байқамай өз яхтасының бортынан құлап кетеді. Есінен танып, есмханаға түседі. Сөйтсе, есінде ештеңе жоқ. Бұл жағдайды оның бұрынғы қыздарының бірі Кейт пайданалып қалмақ. Ол Леонардоға әйелі екенін, екеуінің үш баласы бар екенін айтады. Бұл алаяқтықтың соңы немен бітеді?

Невеста Бадринатха (12+)

Жанры: драма, мелодрама, комедия

Режиссері: Шашанк Кхайтан

Шығарушы ел: Үндістан

Ауылдағы ең ірі кәсіпкердің баласы Бадринатх Бансалдың бір ғана арманы бар. Ол — жақсы бір қызға үйленіп, отбасылы болу. Сөйтіп жүргенде досының тойы болып, сонда Вайдехиді кездестіреді. Бір көргеннен ғашық болады, бірақ қыз жігіттің көңілін қайтарады. Дегенмен Бадринатх оңай берілетін жігіт емес. Қайткен күнде де қыздың жүрегін жаулап алмақ.

Конченая (18+)

Жанры: триллер, драма, криминал

Режиссері: Вон Стайн

Шығарушы елдер: АҚШ, Ұлыбритания, Гонконг, Венгрия, Ирландия

Фильм ағылшын қылмыскерлері туралы. Басты кейіпкер — Энни деген қыз. Ол бірнеше еркекпен қауіпті ойын ойнап жүр. Оларды бір-біріне өшкітіру арқылы өзінің арам ойын іске асырмақ. Бұл не? Екіжүзділік пе, әлде нақты жоспарланған ойын ба?

Пчёлка Майя и Кубок мёда (0+)

Жанры: Мультфильм, комедия, отбасылық фильм

Режиссерлері: Ноэль Клири, Серджо Делфино, Алекс Стадерманн

Шығарушы елдер: Германия Австралия

Пчёлкоградта Бал Кубогының жарысы өтеді. Майя деген араның оған қатты қатысқысы келеді, бірақ жарыстың талабы бойынша әрбір қатысушы өзінің балымен келуі керек. Майя қатысса, командасының жаз бойы жинаған балының жартысы кеткелі тұр. Енді ол не болса да астанаға барып, ханшайымнан рұқсат сұрамақ. Сұм ханшайым рұқсат береді, бірақ жеңіліп қалса, барлық жинаған балдарын тартып алмақ.