Қай жерде орналасқан?

Бөкей Ордасы тарихи-музей Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Орда ауылының Жәңгір хан көшесінде орналасқан. Музей орын тепкен хан ордасы ауылы облыс орталығы Орал қаласынан 600 шақырымдай қашықтықта жатыр.

Бөкей ордасы тарихи-музейлік кешені қашан құрылған?

Бөкей ордасы тарихи-музейлік кешені Орда ауылының Жәңгір хан көшесінде орналасқан. Тарихи музейлік кешені ХІХ ғасырда салынған. 1828 жылы салынған Хан Сарайы, 1867 жылы ашылған Казначейчество, 1868 жылы ашылған Тарғын учаскелік мектебі, 1883 жылы ашылған қыздар мектебі сынды тарихи-архитектуралық ғимараттарынан және 1835 жылы салынған хан мешітінің негізінде қалпына келтірілген мешіт ғимаратынан құралған.

1962 жылы Орда тарихи-революциялық музейі қоғамдық негізде құрылған. 1967 жылы мемлекеттік Орда тарихи-революциялық музейі аталған. Музейді ұйымдастырған алғашқы директоры А.Ю.Тажетдинов. 1997 жылы Бөкей ордасы тарихи музейі болып өзгерді. Музей үш бөлімнен тұрады: І «Қазына» үйінде Бөкей ордасы тарихы, ІІ «Хан сарайы», ІІІ «Тәуелсіздікке арналған». Экспозиция залдарының саны — 12. 2001 жылдан бастап – Бөкей ордасы тарихи кешені деп аталып, экспозициясы 2001 жылы 30 қазанда жаңадан жасақталды.

Казначейство ғимаратында негізінен Бөкей ордасының 200 жылдық тарихи бейнеленсе, Хан мешіті ғимараты Тәуелсіздік тарихына, Хан Сарайы ғимараты Хан Жәңгірдің жеке өмірі мен қызметіне және қару-жарақ палатасы тарихына арналған. Хан Сарайының сақталмай қалған негізгі бөлігі қазіргі кезде «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес қайта қалпына келтірілуде. Қыздар мектебі ғимаратында болашақта «Бөкей ордасындағы халыққа білім беру» тақырыбындағы экспозиция жасақталу жоспарланған.

Қалай жетуге болады?

Алматыдан Бөкей ордасына баруды көздесеңіз әуе билетін алдымен Орал қаласына аласыз. Себебі Бөкей Ордасына тікелей баратын әуе рейстері де, пойыздар да жоқ. Алматыдан Орал әуежайына жету 3,5 сағат уақытты алады.

Егер пойызбен баратын болсаңыз, «Алматы-1» немесе «Алматы-2» теміржол вокзалынан Орал бағытына жүретін пойызға билет аласыз. Пойызбен Оралға 2 тәулікте жетесіз.

Әуежайдан немесе пойыздан түсіп, орталық базарға жол тартасыз. Базарға 12 нөмірлі автобус жүреді. Автобус базарға әуежайдан 1 сағатта, вокзалдан 30 минутта жетеді.

Базарға жеткеннен соң Бөкей ауданында орналасқан Орда ауылына жүретін уазикке отырасыз. Ордалы ауылына автобус, газельдер, таксилер де жүрмейді. Себебі қазіргі уақытта Бөкей ауданына баратын жол жөнделуде. Орал қаласы мен Бөкей ордасы ауданының ара қашықтығы 300 шақырым. Бұл жерге шамамен 10-12 сағатта жетесіз. Егер бұл нұсқаны тиімсіз деп санасаңыз жеңіл көлік жалдап баруыңызға болады.

Тиісті жеріңізге жеткеннен соң, қонақ үйге тұрақтасаңыз болады. Кез келген бағада, өзіңізге ыңғайлы, жайлы орын таба аласыз.