Басты бет Жаңалықтар 10 млн қазақстандық қалада тұрады

10 млн қазақстандық қалада тұрады

2018 жылдың сəуірінен бері Қазақстан Республикасында халық саны 18 млн 212,2 мың адамды құрады. 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 237,7 мың адамға көбейген. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарлады.

Көрнекі сурет

Аталған мерзімде Қазақстандағы қала тұрғындарының саны 10 млн 459,2 мың адамды құрады. Бұл ел халқының жалпы санының 57,4 пайызы.

Ал ауыл тұрғындарының саны 7 млн 753,6 мың адамға жеткен, бұл халық санының 42,6 пайызын құрайды.

Биылғы жылдың қаңтар-наурызында 1 жасқа дейінгі 820 баланың шетінегендігі белгілі болды. Бұл көрсеткіш былтыр 801 болған. 2017 жылдағы жағдаймен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген балалардың саны 2,4 процентке өскен. 2018 жылдың алғашқы үш айында нәрестелердің шетінеу коэффициенті 100 балаға шаққанда 8,85 жағдайды құрап отыр (8,67).

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version